Шымкент қаласына арнайы сапармен келген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов оңтүстік өңіріндегі ірі құрылыс компаниясы «Корпорация Сити-Строй» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Аталмыш министрлікке индустрия және елді индустриялық-инновациялық дамыту, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, көмір, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсiн қадағалау жауапкершілігі міндеттелген.
Осы ретте, Бейбіт Бәкірұлы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Әсет Қайыпбековпен саладағы жұмыстардың атқарылу барысын талқылады. Тұрғын үй құрылысында тәжірибелі компания 2007 жылдан бері нарықта халыққа қызмет етіп келеді.
Құрылыс саласының маманы ғана емес, ауыл шаруашылығында қарқынды алма бауды дамытудың қыр-сырын меңгеріп келе жатқан Әсет Әбдірашұлы меценат ретінде көптің алғысына бөленген жан. Туған жерін көркейту ісін асқан жауапкершілікпен жүзеге асырып,қоғам игілігіне қызмет етіп келеді. Төлеби ауданының төрінде Төле бидің тұғырлы ескерткішін орнату арқылы ұрпаққа ұлағатын танытпақ.