Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 16 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 16 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.10.2020896 Views
    «Түркістан» ӘКК» АҚ мен Өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесіп Түркістан қаласында пресс-тур ұйымдастырды. Шара барысында журналистер агроөнеркәсіптік, туризм, құрылыс салаларына қатысты бірқатар нысандарда болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
    Алдымен БАҚ өкілдері ауыл шаруашылығы саласындағы жаңбырлатып суару жүйесінің жобаларымен танысты. Қазіргі таңда, мың гектардан астам алқапта жаңбырлатып суару жүйесін құру қолға алынуда. Мұндағы мақсат жаңаша жобаның көмегімен дәнді-дақылдардың өнім көлемін арттыру. Бүгінде жоспарды жүзеге асыру үшін 100 фермерлік шаруашылық жер телімдері біріктірілген. Сондай-ақ, жаңбырлатып суару жүйесіне қолданылатын Американдық «T-L» фирмасының 18 жаңбырлатып суару машинасы орнатылып, 26 ауыл шаруашылығы техникасы бар машина-трактор стансасы құрылған.
    Сондай-ақ, тілшілер әлеуметтік дүкендердің жай-күйіне де қанықты. Жалпы Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мақсатында 13 дүкен жұмыс істесе, 5 супермаркетте әлеуметтік тауарлар жиынтығының қатары бар. Онда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер тізіміне кіретін 19 түрлі тауарлар базар нарқынан 10 пайызға дейін төмен бағада саудаланады. Сауда орындарын үздіксіз тиісті азық-түлікпен қамтып отыру үшін арнайы қор құрылған. Қазіргі таңда, онда жалпы құны 533,5 млн. теңге болатын 6 581,8 тонна тауар сақталған.
    Сонымен қатар, журналистер қауымы «Turkistan Jana-qala» жаңа тұрғын үй алқабында да болып, жаңадан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлерді аралап көрді. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында «Арман» және «Сырдария» тұрғын үй кешендері жобалары да жүзеге асырылған. Нәтижесінде 1 418 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын салынып, өткен жылы 165 пәтер сатылды. Ал, үстіміздегі жылдың соңына дейін жалпы ауданы 32 864,02 шаршы метр болатын 488 пәтерлік 16 үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
    БАҚ өкілдері аялдаған соңғы нысан Н.Назарбаев даңғылындағы ақпараттық-мультимедиялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жоба болды. Онда қаланың туризм саласындағы жаңалықтар және туристерге қажетті ақпараттарды насихаттауға арналған LED экран қойылған.
    Айта кетейік, 2021 жылдың соңына дейін тағы 215 жарнамалық құрылым орнату жоспарлануда. Бүгінгі күні серіктес-инвестордың есебінен жалпы сомасы 400 млн. теңгеден астам 34 жарнамалық құрылым орнатылып, жобаның бірінші кезеңі аяқталды.
    Сондай-ақ, мұнда «Turkistan Bike» автоматтандырылған велопрокат жобасы жүзеге асырылған. Бұл жоба аясында қала бойынша 40 велосипеді бар 5 велобекет орнатылған. Жобаның пилоттық іске қосылуы сәтті өтті және қазіргі уақытта жергілікті тұрғындар арасында, сонымен қатар, қала қонақтары арасында да үлкен сұранысқа ие.
    Пресс-турдан соң облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов және «Түркістан» ӘКК» АҚ Басқарма төрайымы Айгүл Ахмеджанованың қатысуымен брифинг ұйымдастырылды. Жиын барысында А.Ахмеджанова баяндама жасап, журналистердің сауалдарына жауап берді.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.