Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Шардара СЭС-індегі ауқымды жаңғырту аяқталды.
    Агро

    Шардара СЭС-індегі ауқымды жаңғырту аяқталды.

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.10.2020819 Views

    «Самұрық-Энерго» АҚ Шардара СЭС-ін толық жаңғырту бағдарламасын аяқтады. Жалпы құны 38 млрд. теңгелік жоба аясында станциядағы төрт гидроагрегаттың бәрі де ауыстырылды. Жаңа гидроагрегаттар су электр станциясында электр өндіруді жылына 480-нен 537 млн. кВт*сағатқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Құрылысты австриялық-германиялық Andritz Hidro GmbX компаниясы жүргізді. Ауқымды қайта құру СЭС-тің қуаттылығын 100 МВт-тан 126 МВт-қа арттырды. Қазақстандық электр энергетикалық холдинг мамандарының сөзінше, бұл жоба энергия тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде және өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда үлкен маңызға ие.

    «Самұрық-Энерго» АҚ-ға тиесілі Шардара СЭС-і 1967 жылы пайдалануға берілді, белгіленген қуаттылығы 100 МВт және төрт гидроагрегаты бар. Норматив бойынша қызмет ету мерзімі 25 жыл болса, станция 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді, бұл оның технологиялық жабдығы 100%-ке тозуына әкеп соқтырды. Су станциясында орнатылған электр жабдығының бір бөлігін оны жасаған зауыттар қазір шығармайды және өндірістен алып тастаған. Жүргізілген жаңғырту жұмыстары су станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұзартады, сондай-ақ СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырып, авария деңгейін төмендетеді.

    «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

    _____________________________________________________________

    «Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.