Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ БЕЛДЕУІМЕН ТАНЫСТЫ
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ БЕЛДЕУІМЕН ТАНЫСТЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.10.2020719 Views

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді», — деп айтқан болатын.

    Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сенбі күні қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты бірқатар нысандардың қызметімен танысқан болатын.

    Ең әуелі қала басшысы А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағындағы көшеттік тұқымбақтың жұмысымен танысты, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Жалпы тұқымбақта 8269 түп көшет өсірілуде. Атап айтсақ, мұнда 1537 түп бозарша, 1016 жәй арша, 891 түп емен ағашы мен 223 дана сабын ағашы және 81 дана шынар ағашы бар. Ал, жылыжайда 19 түрлі тұқым себіліп, жасыл қаламша тәсілімен 42 түрлі ағаш-бұта дайындалуда.

    Аралау барысында сала мамандары дендросаябақты дамытудың жаңа концепциясымен таныстырды. Қала әкімі алдымен ағаштардың түрлі сұрыптағы жиынтығын көбейтіп, дендросаябақты туристер мен қала тұрғындарының сүйікті жеріне айналдыру қажет екенін айтты.

    Мұрат Әйтенов аталған саябақтағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан велосипед пен жүгіру жолдарының жұмысын аралап көрді.

    Мұндағы жүгіру жолының ұзындығы 6457 м, ені 3 м. Веложолға арнайы қозғалыс жолақтары жүргізілген. Ұзындығы 12,5 км жолда жерасты кабельдері ауыстырылып, биіктігі 6 метрлік арақашықтығы 20 метрді құрайтын 670 дана LED бағаналары қойылады. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

    Сонымен қатар, шаһар басшысы аумағы 976 гектарды құрайтын «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды. Мұнда жалпы саны 262 мың түп ағаш көшеттері егілген.

    Әкім жасыл аймақты дамыту үшін ең алдымен Шымкент қаласындағы ағаштарға түгендеу жұмыстарын жүргізіп, осының нәтижесінде жасыл белдеуді ұлғайту мен көгалдандыру мәселесін қарастыруды тапсырды.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.