• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 30, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН: ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ

02.10.2020
0

Еліміз бойынша қазан айының алғашқы жексенбісі «Ұстаздар күні» кәсіби мерекесі болып белгіленген. Осыған орай, бүгін Түркістан облысында  салтанатты жиын болып өтті. Аталмыш шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев және облыстың ең үздік ұстаздары мен осы саланың ардагерлері қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың онлайн режимдегі құттықтауымен басталған шарада республикалық «Үздік педагог 2020»  байқауының жеңімпаздары марапатталды. Түркістан облысы бойынша ең үздік деп танылған үш ұстаз,  Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Мамбетов Самат Алтынбекұлы, Жетісай аудандық мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Молдадосова Алтынай Қайыпқызы, Кентау көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы Анарбаева Диларам Рузиматовнаға «Үздік педагог 2020»  мерекелік медалі тағылып, ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан берілген 2 778 000 теңге ақшалай сыйақы табысталды.

Жиында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев: «Бәрімізде ұстаздың қасиеті мен қадірінің арқасында орасан зор  жетістіктерге жетіп отырмыз. Өткен жылы елімізде тұңғыш рет «Педагогтардың мәртебесі туралы» заң қабылданып, ұстаздардың қоғамдағы ролін арттыруға үлкен серпін берді. Тұңғыш Президентіміз бен Мемлекет басшысы да ұстаздарға айрықша назар аударып, жағдай жасалуына ықпал етуде. Бүгінгідей маңызы жоғары мерекеде әрбіріңіздің еңбектеріңізге жеміс, жанұяларыңызға жақсылықтар тілеймін», — деп облыс бойынша үздік деп танылған ұстаздарды марапаттарымен құттықтады.

Сонымен қатар, шара аясында Түркістан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, облыстық маслихаттың ҰБТ-да республика деңгейінде жоғары көрсеткіш көрсеткен мектеп басшыларына арналған «Алғыс хаты», мұғалімдер  күніне орай Түркістан облысы әкімінің «Құрмет грамотасы», республика деңгейінде «Үздік ұстаз» байқауының қатысушыларына арналған  облыс әкімінің «Алғыс хаты» сияқты арнайы марапаттар табысталды.

Сондай-ақ, қазіргі қоғамдағы тәрбиенің ролін арттыру, тәрбиенің жүйесі мен жаңа түрлерін анықтау, сынып жетекшілерінің тапқырлықтары мен тәрбие берушілік деңгейлерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік сынып жетекші» байқауының жеңімпаздары анықталды. Оқушының тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына көмектесіп, оның қызығушылығы мен бейімділігінің арта түсуіне мүмкіндік туғызатын байқаудың әр аудан, қаладан үздік шыққан 16 ұстазы арнайы дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Мерекелік шара барысында облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев, Төлеби ауданы, Леңгір қаласы №1 мектеп-гимназиясының директоры Тезекова Назира Байжанқызы, Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Тастанбеков Әкімбай Зейітбайұлы  «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

Айғақ медиа
28.08.2026
0

Наурыздың қайта оралуы, қасиетті Тайқазанның Түркістанға қайтарылуы, Алаш арыстарының ақталуы… Қазақ руханиятындағы осы тарихи оқиғалардың бәрі Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен тығыз...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

СҮЙЕК КЕМІГІНЕ ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте алғаш рет гемопоэздік дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы жасалды. 7 тамызда орындалған күрделі операциядан кейін пациенттің жағдайы оң динамика көрсетіп...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте діни ахуалды тұрақты сақтау бағытындағы жұмыстардың нәтижесі талқыланды. Қалада бүгінде 104 мешіт бар. Алғаш рет барлық мешіттің діни ахуалы...

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Мегополисте ескірген орындарды жаңарту жұмыстары қарқынды. Тұран ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Қазір дәл осындай 28 нысанда...

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.