Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ОНЛАЙНДА ДАУЫС БЕРДІ
    Айғақ MEDIA

    ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ОНЛАЙНДА ДАУЫС БЕРДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.10.2020259 Views

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Бұл туралы өңір басшысы фейсбук әлеуметтік желісіндегі қоғамдық қабылдау парақшасында жариялады.


    «Бұл саяси додаға облысымыздан 1076 азамат қатысып жатыр. Олардың арасында түрлі сала өкілдері, жалынды жастар, көпбалалы аналар да бар. Егеменді ел тарихындағы ерекше праймериздің артықшылықтарын және шынайылығын қоғам жоғары бағалап отыр.
    Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» бағдарламасында партия жұмысын жүйелі жаңғыртуды, жаңа заманның іскер тұлғаларына мүмкіндік беруді тапсырды.
    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та мемлекеттік және сайланбалы органдардың жауапкершілігін арттыру бағытында тың ойлар қозғап, нақты тапсырмалар бергені де белгілі. Осы праймериз арқылы іскер, отаншыл, әділ, белсенді, білімді көшбасшылар іріктеліп шығады деп сенемін», – деген өңір басшысы партияластарды дауыс беруге шақырды.
    «Қазіргі таңда Түркістан облысына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп, тарихи шаһарда халықаралық талапқа сай ғимараттар салынып жатыр. Демографиялық өсімі жоғары, халқы еңбекқор өңірдің мәслихаттары да мықты болуы тиіс. «Nur Otan» партиясының праймеризі Түркістан облысын дамытуға үлес қосатын азаматтар шоғырын қалыптастыратыны анық. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін. Ал партияластарды белсенді түрде дауыс беруге шақырамын.», – деді Өмірзақ Шөкеев.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.