Бүгін облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаевтың қатысуымен, 27 қыркүйек — Дүниежүзілік туризм күніне орай «Түркістандағы туризм: жаңа серпілістер уақыты» атты шара өтті.
⠀
Дөңгелек үстел аясында Мейіржан Иябайұлы соңғы жылдары туризм саласына ерекше көңіл бөлініп, мыңдаған жұмыс орны ашылғанын айтып өтті. Сондай-ақ, күннен күнге қарыштап дамып жатқан шаһарды одан әрі айшықтай түсетін тың жобалар болса қолдауға әзір екендігін жеткізді.
⠀
Сондай-ақ, жуық арада ашылуы жоспарланған «Tai-Kazan» этнокешенінде ұлттық нақыштағы дүниелер, тағамдар, суретке түсу мүмкіндігі және қолөнер туындылары таныстырылды. Азия ойындарының жеңімпазы, еліміздің көк байрағын желбіретіп жүрген Дидар Хамза да өз сөзінде спорттың дамуы — туризмнің дамуына үлес қосатынын айтып, спорттық шараларды жиі өткізу бойынша ұсыныс білдірді.
⠀
Шара барысында «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» мен Түркістан облысы мен қала әкімдігі, «Rixos Turkistan» қонақ үйі және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан серіктестік және өзара ынтымақтастық бойынша Меморандумға қол қойылды.
⠀
Шара одан әрі Арбат алаңында, «Қабылдау орталығы» мен Этноауылда жалғасын табады.