Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Елбасы Түркістан қаласын одан әрі дамыту жоспарымен танысты
    Айғақ MEDIA

    Елбасы Түркістан қаласын одан әрі дамыту жоспарымен танысты

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.09.2020304 Views

    Нұрсұлтан Назарбаевқа «Керуен-сарай» кешені таныстырылып, «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы аумағындағы археологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Елбасына осы жылдың тамыз айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың хаттамалық тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асып жатқан басқа да жобалар туралы баяндалды.
    Елбасы туристік және қала инфрақұрылымы құрылысының жоғары қарқынын атап өтті.
    Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы Түркістанды қайта түлету туралы қабылдаған шешімге Қазақстан халқы қолдау білдіргенін айтты.
    – Бүгін біз Түркістанның жаңа нысандарымен таныстық. Олар бүкіл Қазақстан мен әлемнен турист тартатын, тұрғындардың назарын аударатын көрнекті орынға айналады. Түркістанның ауқымды құрылысы тұтас өңірдің экономикалық дамуына зор септігін тигізіп отыр, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
    Нұрсұлтан Назарбаев қаланың орналасқан жері, оның түркі әлемінің маңызды рухани орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесі болашақта Орталық Азия елдерінің интеграциясына қызмет ететін алаңға айналатынын атап өтті.
    – Түркістанда түркітілдес елдердің Саммитін өткізуді жоспарлаған болатынбыз. Әлемдегі күрделі ахуалға байланысты ол кейінге шегерілді. Егер бәрі ойдағыдай болса, оны Наурыз мерекесіне қарай өткіземіз деп ойлаймын, – деді Елбасы.
    Сондай-ақ шара барысында туристік инфрақұрылымның құрылысы мен көлік-логистикалық жобаларды іске асыруды жалғастырудың қажеттілігі атап өтілді.
    Елбасы Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы жағдай жасаудың маңыздылығына да тоқталды.
    – Қала өсіп, халқының саны да арта түсетініне сенімдімін. Мұнда түрлі форумдар, жастар жиындарын және спорттық шаралар өткізіп тұру қажет. Осылайша, біз қаланы көпшілікке таныстырып, көрсетуіміз керек. Түркістанды қайта түлетудің біздің халқымыз үшін маңызы зор, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
    Нұрсұлтан Назарбаев қала мен өңірдің одан әрі өсіп-өркендейтініне сенім білдірді.
    Соңында Елбасы БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізіп, «Қазақстанның рухани астанасының» жаңа «Визит-орталығында» орналасқан музейді аралады.

    Elbasy.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.