Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН: КОРОНАВИРУС ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС АУРУХАНАДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН: КОРОНАВИРУС ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС АУРУХАНАДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.09.2020436 Views

    Түркістан облысында Covid-19 инфекциясына шалдыққан соңғы науқас Сайрам аудандық «Қарабұлақ» ауруханасынан жазылып шықты. 58 жастағы жергілікті тұрғын Севара Амантаева ауруханаға медициналық жедел-жәрдем көлігімен ауыр халде жеткізілген. Науқастың дене қызуы көтеріліп, жөтел, ентігу белгілері болған. Инфекциялық стационарда екі апта бойы қарқынды ем қабылдаған әйелдің жағдайы қазір жақсы. Өміріне араша түсіп, ауыр індетпен күндіз-түні бірге күрескен ақ халатты жандарға, емдеу мекемесінің орта және кіші буын қызметкерлеріне де алғысы шексіз,  — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Сайрам аудандық «Қарабұлақ» ауруханасының бас дәрігері Элмира Қожахметованың айтуынша, инфекциялық стационарда қазір 30 төсек –орын бар. Барлығы босаған.  

    «Қуанышқа орай ауруханада коронавирус инфекциясымен ем қабылдап жатқан науқас қалмады. Алдағы уақытта да азаматтардың бұл дертке шалдықпауын тілейміз. Өңірде індет белең алған сәттен бастап ауруханамызда коронавирус инфекциясын жұқтырған 29 науқас ем қабылдады. Науқастарға барлық тиісті медициналық көмек көрсетіліп, әр бір маман аянбай еңбек етті»,-дейді аурухананың бас дәрігері.

    Әлемді дүрліктірген коронавирус дерті Түркістан облысында алғаш рет биыл 31-ші наурыз күні Жетісай ауданының тұрғынынан анықталған болатын. Содан бері өңірде Covid-19 инфекциясы анықталған 3373 жағдай тіркелген. Облыс бойынша қазіргі таңда емдеу шаралары үшін стационарларда  600 төсек-орын ұйымдастырылған. Сонымен қатар, коронавирус және пневмония індеттерімен күресу мақсатында алғашқы медициналық – санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда  380 мобильді  топ жасақталған. Мобильдік топтар коронавирустың симптомсыз түрімен ауырған  науқастарға, пневмониямен ауырған және басқа да аурулармен шақыртқан 35 мыңға жуық азаматқа үйлеріне барып медициналық көмек көрсеткен.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.