Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында өнеркәсіп кәсіпорындары 344 млрд теңгенің өнімін өндірген
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында өнеркәсіп кәсіпорындары 344 млрд теңгенің өнімін өндірген

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.09.20201 393 Views

    Түркістан облысында ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысымен өнеркәсіп кәсіпорындары 344 млрд. теңге сомасында өнім өндірген. 2018 жылмен (облыс құрылған сәттен бастап) салыстырғанда өндіріс көлемі екі жылда 6,5%-ға өскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы басшысы Иса Құдабеков мәлімдеді.

    Оның айтуынша, облыстағы 300 бірлік өнеркәсіп орындарында 23 мыңға жуық адам жұмыс істейді. «Бүгінгі таңда 2020-2023 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жалпы сомасы 324 млрд. теңгені құрайтын 29 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде шамамен 6 мың жұмыс орны құрылатын болады. Ал биыл 12,5 млрд.теңге сомасына 13 жобаны іске асыру жоспарлануда. Толық іске асқан жағдайда 1500 адам жұмыспен қамтылады. Ағымдағы жылғы жобалардың ішінде 3-і іске қосылған», — деді Иса Мұсаұлы. Аталған жобалар: Мақтаарал ауданындағы «Tulpar Textille» ЖШС тоқыма фабрикасының құрылысы.

    Жылдық қуаттылығы — 6600 тонна (жүзеге асырылуда); Мақтаарал ауданындағы «Tulpar May» ЖШС тазартылған май өндіру цехының құрылысы. Жылдық қуаттылығы — 2912 тонна. Жоба сомасы-2 млрд. теңге (іске асыру сатысында); Ордабасы ауданындағы «Стандарт Ресурсис» ЖШС көмір-химия комбинатының құрылысы. Жоба сомасы-1,5 млрд. теңге (іске асырылды); Кентау қаласындағы пластикалық құрылыс бұйымдарын шығаратын «АБН Альянс» ЖШС зауытының құрылысы. Қуаты — 1500 тонна кәріз құбырлары, жоба сомасы-600 млн. теңге (жүзеге асырылуда); Келес ауданындағы «Тмстрой21» ЖШС күйдірілген кірпіш шығаратын зауыт.

    Жылдық қуаттылығы — 15 млн. бірлік. Жоба сомасы-520 млн. теңге (іске асырылды); Түркістан қаласындағы «Turkistan Textile» ЖШС тігін цехының құрылысы. Қуаттылығы — айына 15 мың бірлік. Жоба сомасы-500 млн. теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданындағы «AYKAN» Айкан» ЖШС сүт өңдеу зауытының құрылысы. Жылдық қуаттылығы — 15 тонна. Жобаның құны-390,8 млн. теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданында «DARIA ГРУПП» ЖШС тауарлық бетонның асфальтбетон қоспаларын, темір-бетон және бетон бұйымдарын шығаратын зауыт. Қуаттылығы-тауарлық бетон-жылына 21 000 текше метр. Жоба сомасы-290 млн.теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданындағы «Elit Story M&A» ЖШС бетон және асфальт-бетон қоспаларын өндіретін зауыт. Қуаттылығы-тауарлық бетон — 40 000 текше метр, жоба сомасы — 270 млн. теңге (іске асыру сатысында); Келес ауданындағы «АІ ВІ-І» ЖШС кірпіш зауытының құрылысы. Қуаттылығы — 30 млн.дана. Жобаның құны-251 млн. теңге (іске асырылды); Сайрам ауданындағы «Көктал Групп» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты. Жылдық қуаттылығы — 20 мың тонна. Жоба сомасы-249 млн. теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданында «Конус и К» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты. Жобаның құны-200 млн.теңге (іске асыру сатысында).

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.