Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«Nur Otan» партиясы еліміздің оңтүстігін дамыту бағдарламасын әзірледі
    Айғақ MEDIA

    «Nur Otan» партиясы еліміздің оңтүстігін дамыту бағдарламасын әзірледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.09.2020433 Views

    «Nur Otan» халықпен талқылау үшін еліміздің оңтүстік өңірлері бойынша сайлауалды бағдарламаларының жобаларын жариялады. Олармен primaries.kz сайт арқылы танысуға және өз ұсыныстарыңызды енгізуге болады, — деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

    Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы әр өңір, қала мен ауданға арнап 216 сайлауалды бағдарламаның жобасын әзірледі. Президент жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында оларды жалпыреспубликалық партияішілік праймериз қорытындысы бойынша үздік идеялар мен ұсыныстарды жинап, краудсорсинг қағидатымен пысықтамақ.

    Сонымен, Жамбыл облысында өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, жаңа өндірістер мен жаңа жұмыс орындарын ашуға баса назар аударылады.

    5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін бірден 33,9%-ға арттыру жоспарлануда. Бұл ретте «Nur Otan» партиясы 7 жаңа су қоймасын салу, суару арналары мен дренаж жүйелерін қайта жөндеу есебінен 34,5 мың га суармалы жерді қалпына келтіруге қол жеткізбек.

    Автомобиль жолдары мен жолаушылар тасымалының сапасын арттыру үшін 2025 жылға дейін облыстың барлық аудандарында 1200 км жол төсеу және жөндеу, сондай-ақ, автобус паркін 52-ден 90%-ға дейін жаңарту көзделіп отыр.

    Халық саны 200 адамнан асатын ауылдар орталықтандырылған су жүйесімен жабдықталмақ. 2023 жылға қарай 119 ауылды немесе 125 мың тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2025 жылға дейін 107 елді мекендегі 128 мың тұрғын орталықтандырылған газбен қамтылады. Бес жыл ішінде облыстың қалалары мен аудандарында 156 тұрғын үй салу жоспарлануда.

    Экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес, 158 қоқыс үйінділері мен полигондар ретке келтіріледі. 2022 жылдың соңына дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу/жағу зауыты салынады. Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында тазарту құрылыстары кешенін салу жоспарлануда.

    Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында партия 685 бірлік медициналық жабдық сатып алуды және жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімшесі үшін 4 жаңа денсаулық сақтау нысанын салуды ұсынады. Сондай-ақ, мүгедек балаларға арналған 4 оңалту және бейімдеу орталығын және зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға арналған 2 дағдарыс орталығын ашу көзделуде.

    Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарлама жобасының басым бағыттарының бірі – аймақішілік жолдардың сапасын арттыру. Ол үшін «Nur Otan» жолдардың 3600 шақырымын алдағы бес жыл ішінде жөндеуді қолға алмақ.

    Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін партия ауылдық округтерде 49 сумен жабдықтау нысанының құрылысына, сондай-ақ 12 елді мекенде сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға ықпал ететін болады.

    240 үй пайдалануға беріліп, 429 тұрғын үй мен нысанға күрделі жөндеу жүргізіледі.

    Мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мақсатында өңірдегі киелі орындар – Ақ мешіт үңгірлері, Теректі әулие, Баба Түкті Шашты Әзиз, Ысхақ баба, Түркібасы әулие, Ысхақ Ата кесенелерін абаттандыру жоспарлануда.

    Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Қызылорда облысында 67 мыңнан астам жұмыс орнын ашу және орташа жалақыны 164 мың теңгеге дейін арттыру міндеті қойылып отыр.

    Шыны талшықты желілік және жоғары қысымды сорғы-компрессорлық құбырлар шығаратын зауыт салу, жалпақ шыны шығаратын және өңдейтін зауыттың құрылысы, Арал ауданында тауарлық балықты өсіру және қайта өңдеу кешенін кеңейту сияқты инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарда бар.

    Ауыл тұрғындарының табысын арттыру және ауыл шаруашылығын дамыту үшін Сырдария өзенінің Күміскеткен учаскесінде түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін зауыт және су қоймасын салу көзделіп отыр.

    Бүгінде облыста тұрғын үй кезегінде 30 мыңға жуық адам тұр. 1 170 көпқабатты тұрғын үйдің жартысы жөндеуді қажет етеді. «Nur Otan» партиясы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін шамамен 11 334 пәтер мен 26 787 жеке тұрғын үй салу міндетін қойып отыр. Құрылыс салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға, көп қабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізуге ерекше назар аударылатын болады.

    Медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында барлық қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген 27 жаңа денсаулық сақтау нысанын, 23 ауылдық дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы 11 жаңа мектеп салуға, сондай-ақ 54 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізуге уәде берді.

    Алматы облысында сайлауалды бағдарлама аясында отандық өндірушілерді қолдауды күшейту, ауыл шаруашылығы саласында жаңа өндірістер құру, сондай-ақ көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту жоспарлануда.

    «Nur Otan» партиясының бастамасымен алдағы 5 жылда өңірде 134 мыңнан астам жұмыс орнын ашып, орташа жалақыны 136-дан 174 мың теңгеге дейін көтеруге ниетті. 35 инвестициялық жоба іске асырылады, олардың ішінде мүйізді ұсақ мал етін өңдейтін ет зауытын, кенді қайта өңдеу зауытын, бройлер бағытындағы құс фабрикасын салу, сондай-ақ 100 мың адамға дейін тұратын Нұркент қаласының құрылысы бар.

    Өңірде мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасады. 20 мың ірі қара малға арналған 26 бордақылау алаңын, 6,9 мың басқа арналған 18 сүт-тауарлары фермасын, 3 құс фабрикасын және ауданы 34 га болатын 4 жылыжайды салу жоспарлануда. Осы және басқа да шаралар 2025 жылға қарай АӨК саласында 10 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

    Партия өңір тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін 2025 жылға қарай 5,4 млн.шаршы метр тұрғын үй салуды қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр.

    Қазіргі уақытта Алматы облысында  үш ауысымды 38 мектеп жұмыс істейді, 146 мектеп бейімделген ғимараттарда орналасқан. «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасы аясында үш ауысымды оқытуды болдырмау үшін 39 жаңа мектеп, 57 бейімделген мектептің орнына 45 жаңа мектеп салмақ. Сондай-ақ 92 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.