Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан қаласында өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 40% — ға азайды
    Айғақ MEDIA

    Түркістан қаласында өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 40% — ға азайды

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.09.2020447 Views

    Түркістан облысының облыс орталығы Түркістан қаласының аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау және азайту мақсатында қалалық полиция басқармасының қызметкерлері тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп тұрады.
    Мәселен, ағымдағы жылдың 8 айында Түркістан полицейлері барлығы 410 қылмысты тіркеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40.6% — ға төмен. Сондай-ақ, аталған кезеңде жергілікті полиция қызметкерлері 42 255 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде учаскелік инспектор 6563 және ювеналды полиция инспекторы 381. Прокуратура және білім беру өкілдерімен бірлесіп ювеналдық полицейлер үш рейдтік іс-шара өткізді, нәтижесінде түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 352 кәмелетке толмаған және көңіл көтеру орындарында болған 19 жасөспірім анықталды.
    Жол қауіпсіздігі бойынша полиция қызметкерлерінің күшімен жол-көлік оқиғаларының саны 7,3% — ға, қаза тапқандардың саны 50% — ға, жол көлік оқиғасынан зардап шеккендердің саны 22,9% — ға төмендеді. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 2076 автокөлік құралы айыппұл тұрағына қамалды.
    Бұдан басқа, ЖКО алдын алу және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында Түркістан қаласы аумағында бүгінгі күні Түркістан облысы ПД жедел басқару Орталығына қосылған 56 бейнебақылау және құқық бұзушылықтарды тіркеу камералары жұмыс істейді. Сондай-ақ, облыс орталығының аумағында тәртіп сақшылары азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға баса назар аудара отырып, олармен үнемі жол ережелері туралы әңгімелер өткізіп тұрады.

    Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысы ережелерін сақтау, Әкімшілік құқық бұзушылық жасамау және ҚР заңнамасын бұзбау қажеттігін ескертеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.