Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкент: Түркістан көшесіндегі жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда
    Айғақ MEDIA

    Шымкент: Түркістан көшесіндегі жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.09.2020819 Views

    Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан көшесі орташа жөндеуден өтуде.Атап айтқанда, асфальтбетон жабынын және ирригациялық арықтарды ауыстыру, аяқжолдарды жөндеу, веложолдар салу мен жауын-шашын суын өткізетін кәріздер орнату қарастырылған. Бүгінгі таңда жұмыс 75 процентке орындалды.

    Жол құрылысының сапасын тексеру мақсатында Түркістан көшесіне «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мен Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бірлесе отырып зерделеу жұмыстарын жүргізді. Оған мердігер «АзияКомплексСтрой» ЖШС-і және техникалық қадағалаушы «Инженер Строй» ЖШС-інің мамандары да қатысқан.Зерделеу барысында мамандар жолдың жиек тастарын, аяқжол өрнек тастарын, асфальтбетон қабатын тексерді. Нәтижесінде Түркістан көшесінің Д.Қонаев даңғылынан Тоқаев көшесіне дейінгі бөлігіне қойылған жиектастардың 10-15 проценті берік орнатылмағаны анықталды.

    Осыған байланысты тапсырыс беруші мекеме мердігерге аталған кемшілікті жоюды тапсырды. Қайта тексеру кезінде жиектастардың беріктігі талапқа сай болмаған жағдайда мердігер мекемеге оны ауыстыруға ұйғарым беріледі. Айта кетейік, зерделеу кезінде аяқжол өрнек тастарының беріктігі мен асфальтбетон қабатының қалыңдығы қолданыстағы құрылыс нормаларына және сметалық құжаттамаға сәйкес келетіні анықталды. Бас мердігер «АзияКомплексСтрой» ЖШС-і орташа жөндеу жұмыстарын қазан айында аяқтауды жоспарлап отыр.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.