Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті департаменті мен Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжат кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, қызметінің ашықтығы мен тиімділігі бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді көздейді.
Меморандум Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры орынбасары, кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілінің аппарат секторының меңгерушісі Ирина Ким және облыстық атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті департаментінің басшысы Бекжан Алімқұловтың қол қоюымен бекітілді.
Бүгінде жергілікті бизнестің басты проблемаларының бірі-түрлі әкімшілік кедергілер.
Сонымен қатар, Палатаға кәсіпкерлерден әртүрлі өтініштер түсетінін ескере отырып, тараптар бұл құжат өздерінің ынтымақтастығын нығайтып және кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге үлес қосатын диалог алаңын құруға және бірлескен күш-жігер арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді анықтайтындығына сенімді.
Өз кезегінде облыстық атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті департаментінің басшысы Бекжан Алімқұлов Кәсіпкерлер палатасымен меморандумға қол қою өңірдегі бизнес-қауымдастықпен тығыз ынтымақтастық орнатуға көмектесетінін атап өтті. Тұрақты негізде уәкілетті мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтар мен кәсіпкерлердің қатысуымен бірлескен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілетін болады.