Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Шымкент: Асар шағынауданында 100 отбасы жұмыспен қамтылады
    Агро

    Шымкент: Асар шағынауданында 100 отбасы жұмыспен қамтылады

    Айғақ медиаАйғақ медиа23.09.2020877 Views

    Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгінде мегаполис аумағын абаттандыру мен көгалдандыру мақсатында жылыжай кешендерінде біржылдық және көп жылдық гүлдер көшеттерін өсіруге назар аударылып отыр. Бүгін Асар шағынауданында өткен жиында да саланы дамыту жайы талқыланды.
    Жиынға қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков, «Жасыл Жер» ЖШС-нің директоры Б.Байсақалов, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің директоры Ғ.Садыбеков және «ASAR AGRO» кооперативінің басшысы С.Тастанов қатысты.
    Талдау жұмыстарына сәйкес, бүгінде Шымкентте қаланы көгалдандыру мақсатында жалпы 1,6 млн. дана гүл қажеттілігі анықталып отыр.

    Жиында біржылдық және көпжылдық гүлдердің көшеттерін өсіру үшін жобаны қаржыландырумен қамтамасыз етуге «ASAR AGRO» кооперативі, «Жасыл-Жер» ЖШС және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл мақсатта «Форвардтық» сатып алу да келісілді.Жоба аясында қала аумағындағы агроқалашық болып саналатын «Асар» шағын ауданынан 100 отбасы жұмыспен қамтылады. Асар шағынауданы бүгінде жылыжай өндірісіне маманданған. Ендігі ретте бұл аумақтағы жылыжай кешендерінде гүл өсіруді дамытып, жаңа саланы игеруге мүмкіндік туып тұр. Жалпы, гүл өсіру пайдасы көп, табысты сала. Шымкентте жаңа саланы дамытып, гүл экспортын ұлғайтуға барлық мүмкіндік бар. Бұл салада бәсекелестік артуына байланысты салық көлемі де ұлғаяды.

    Болашақта Шымкентті көкөніспен қатар, көрші аймақтар және көрші елдерге гүл эспорттайтын әлеуетке жеткізу мақсаты тұр. Мәселен, Нидерланд елі гүл сату бизнесінен жылына 6 млрд-тан астам еуро пайда табады екен. Осыны ескерер болсақ, бұл саланы Шымкентте дамыту бойынша мол пайда табуға мүмкіндік бар.

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.