Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Түлкібас ауданы биыл алма өндіруден рекордтық көрсеткішке қол жеткізбек
    Агро

    Түлкібас ауданы биыл алма өндіруден рекордтық көрсеткішке қол жеткізбек

    Айғақ медиаАйғақ медиа23.09.20201 569 Views

    Түркістан облысы Түлкібас ауданында алма бауды дамыту жылдан-жылға қарқын алып келеді. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2001-2019 жылдар аралығында отырғызылған алма бау көлемі – 2 578 гектарға жеткен. Биыл ауданда 78 гектар жерге алма бауы отырғызылса, оның баудың 50 гектары қарқынды бау. 2018 жылы аудан көлемінде рекордтық өнім 25 150 тонна алма өндірілсе, былтыр ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл көрсеткіш 20 000 тоннаны құраған. Биыл түлкібастық шаруалар рекордты қайта жаңартып, 33 000 тоннаға жуық алма өндірмек. Қазірдің өзінде қоймаға 30 мың тонна алма жиналған. Мәселен, Түлкібас ауданындағы алма өсірумен айналысатын ірі шаруа қожалықтарының бірі «Кентау» ЖШС-і алғашқы өнімін жинай бастады. Жалпы алма бау көлемі 231 гектарды құрайтын шаруашылықтың 188 гектары қарқынды бау. Онда Гала, Фуджи, Голден делишес, Стар Кримсон, Легалина, Айдарет сынды алманың 12 түрі өсіріледі. Серіктестік маусымды жұмыспен 100-120 адамды, ал тұрақты жұмыспен 40 адамды қамтып отыр. Тұрақты жұмысшыларға алма бау маңынан арнайы жаттақхана мен оқу орталығы бар. Сондай-ақ өнімді қыс мезгілінде сақтау мақсатында шаруашылықтың жалпы сыйымдылығы 2000 тонналық заманауи қоймасы бар. Ондағы сақталған жемістер қыс мезгілінде еліміздің қалаларына жеткізіліп, саудаланады. Сондай-ақ, Шақпақ ауылдық округіне қарасты «Көктал» ШҚ-ның алма бау көлемі 230 гектар болса, соның 30 гектары қарқынды бау. Шаруа қожалықта Апорт, Гала, Фуджи, Голден делишес, Легалина, Айдарет сынды алманың 14 түрі өсіріледі. Науқан кезінде 160 адамды, ал тұрақты жұмыспен 30 адамды қамтып отырған қожалықтың 2000 тоннаға дейін жеміс сақтайтын қоймасы да бар. Бүгінгі таңда шаруа қожалық 600 тоннадан астам күздік алма жинап үлгерген.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.