«Праймериз — елімізде алғаш рет өтіп жатқан, көшбасшыларды анықтайтын дода. Осындай аламанда суырылып шығып, халық қамы үшін қызмет етемін деген жерлестеріме алғыс білдіремін. Әр күнді қалт жібермей, барлық бағдарламаларды әлеуметтік желілерде тамашалап жүрмін. Көтеріліп жатқан мәселелер де орынды. Бұл жерде жалғыз дебатқа қатысу емес мәселе. Партиялық ұйымдарға барып халықпен, партия мүшелерімен кездесу керек — осы ең маңыздысы. Сол жерде олардың көкейдегі сұрақтарын есту, проблемаларын білу қажет. Және де, қолдан келгенше көмектесу.

