Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»100 есім»Түркістан: «Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауының» үздіктері анықталды
    100 есім

    Түркістан: «Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауының» үздіктері анықталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа19.09.2020977 Views

    Түркістан қаласында екі күнге созылған облыстық  «Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауы» өз мәресіне жетті. Облыстың 16 аудан-қаласынан жиналған 14 пен 28 жас аралығындағы дарынды жастар сынға түсіп, үздіктері анықталды. Бұл игі шараны облыстық «Жастар ресурстық орталығы»  ұйымдастырып отыр.

    Аталмыш байқауға қатысушылар  «Жас қолөнер шебері», «Жас көркемсөз оқу шебері», «Жас мүсінші»,  «Жас әнші», «Жас дизайнер»,  «Жас айтыскер ақын»,  «Жас ғалым»,  «Жас спортшы» сынды 8 номинация бойынша өзара сайысқа түсті. Оның ішінде «Жас көркемсөз оқу шебері», «Жас әнші» және «Жас айтыскер ақын» номинациялары бойынша сайыстар офлайн, қалғандары онлайн түрде  өткізілді.

    Жобаның мақсаты – облысымыздағы шығармашылыққа қабілетті, талантты жастарды анықтау және оларды ынталандыру, жас өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту.Әділ-қазылардың айтуынша, онлайн форматтағы байқаулар  қатысушыларды әділ бағалау мен оларды мұқият саралауға мүмкіндік берген.⠀

    Байқаудың салтанатты ашылу рәсімінде «NurOtan» партиясы Түркістан облысы филиалының бірінші хатшысы Бейсен Тәжібаев  қазіргі жастардың бастамашылдығы мен белсенділігіне ризашылығын білдірді.⠀

    ⠀«Түркiстан топырағы еш уақытта дарынды тұлғалардан кенде болған емес. Сондай ұлдардың бiрi – Саттар Ерубаев екені сөзсіз.  Ол өзінің небәрі 23 жыл жасаған қысқа ғұмырында қазақ  халқына, соның ішінде жастарға рухани азық, күш беретiн еңбек қалдыра білген тұлға. Соның ішінде «Менiң құрдастарым» романы әдебиетсүйер қауымның iздеп жүрiп оқитын туындысына айналды. Осындай тұлғаның түбі бір  түркі жұртының төрі саналатын Түркiстанда туылғанын мақтан тұтуымыз керек», – деді Бейсен Тәжібаев.

    Байқауға елімізге белгілі тұлғалар қазылық жасады. Атап айтқанда, айтыскер ақын, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Бекарыс Шойбеков, айтыскер ақын, «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова, Түркістан қалалық өнер мектебінің директоры, ақын Тұрар Тілеулиев, Филология ғылымдарының кандидаты, ОҚМПУ филология факультетінің деканы Нариман Нүрпейісов, журналист, ғалым, композитор Бекжігіт Сердәлі және қолөнер шебері, мүсінші Пахриддин Садықов, халықаралық бапкер, күрес түрлерінен спорт шебері Марат Файзиев және мемлекеттік басқару академиясының филиалының директоры Жанат Момынқұлов сынды белгілі азаматтар төрағалық етіп, барлық жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

    Байқауды ұйымдастыруға ұйытқы болған Жастар ресурстық орталығының басшысы Амалбек Өміртайдың айтуынша, мұндай байқаулар жастардың шығармашылық қабілетін оятуға жол ашады  және талантты жастарды анықтауға көп септігін тигізеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.