Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында мақта терім науқаны басталды
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында мақта терім науқаны басталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.09.20201 105 Views

    Түркістан облысында 125,8 мың гектар жерге егілген мақта дақылынан 331 мың тонна шитті мақта жинау жоспарлануда. Облыста мақта өсірумен 25 мыңнан астам шаруа айналысады және егістік жерлер мақта өсіруге бейімделіп, шаруалар озық тәжірибе қолдану нәтижесінде мол өнімге қол жеткізуде. Қазіргі таңда Жетісай, Мақтаарал аудандары  мен  Кентау қаласында мақта терім науқаны басталды. Өнімділігі гектарына 25 центнерді құрап отыр.

    Мақта терімін алғашқылардың бірі болып бастаған Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округіндегі «Арай» шаруа қожалығы. Аталған қожалық 5,5 гектар жерге «Мақтаарал 4017» мақта сортын еккен. Шаруа орташа есеппен гектарынан 27 центнерден өнім алуда. Бұл жұмыстарға ауыл тұрғындары тартылып, терілген мақтаның әрбір келісіне 30 теңгеден еңбекақылары төленуде.

    Бүгінде аудан бойынша мақта терім науқанына 15 бригада, 403 терімші қатысуда. Қазіргі таңда негізінен қол терім жұмыстары жүргізіліп, 125 гектар мақта алқабынан 269,5 тонна «ақ алтын» қамбаға жиналды.

    Мақта терім науқанына дайындау үшін комбайндарға жөндеу жұмыстары толықтай жүргізілген. Қосымша ауданға АҚШ-тан 23 дана «Джон-Дир» мақта терім комбайны сатып алынған. Сондықтан, былтырғыға қарағанда биыл мақта терім комбайндарынан қиындықтар тумайды. Осының арқасында мақтаны машиналық әдіспен теру 66%-ға жететін болады. Жалпы биылғы мақта терім науқанына 514 трактор, 1206 тіркеме және 151 комбайн қатысады деп күтілуде.

    Былтыр ауданда мақта өндіретін 5 зауыт және мақта қабылдайтын 60-тан астам бекет шаруаларға қызмет көрсеткен еді. Биыл да бұл өндіріс орындары жиын-терім науқанына дайындалуда.

    Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, соның ішінде мақта шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан қомақты қолдау көрсетіліп жатыр. Мәселен, күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 39,2 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, агроқұрылымдарға бір литрі 161-163 теңге көлемінде босатылуда. Сонымен қатар, қолда бар 457 мақта теретін комбайнның 92%-ы науқанға дайын.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.