Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жыл басынан бері азық-түлік тауарларының бағасы 5,2 пайызға өсті
    Жаңалықтар

    Жыл басынан бері азық-түлік тауарларының бағасы 5,2 пайызға өсті

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.09.2016743 Views

    Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат.

    «Мемлекет басшысы Үкімет және Ұлттық банк кабылдаған дағдарысқа қарсы жоспар аясында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырған. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар инфляцияны есептеу кезінде ескерілетін бірінші қажетті тауарлардың макарон өнімдері, жармалар, жемістер, ет-сүт өнімдері, жұмыртқа және тұз сынды 33 түрі бар. Ресми статистика мәліметтері бойынша жыл басынан бастап тұтыну бағасының индексі 5,4, оның ішінде азық-түлік тауарлары 5,2 пайызға өсті. 2016 жылғы 30 тамыздағы жағдай бойынша жыл басына әлеуметтік маңызы бар тауарлар баға индексі 9 пайызды құрады», – деді Бишімбаев.

    Осы ретте ол Ұлттық экономика министрлігі нарық теңгеріміне талдау жүргізіп, оның нәтижесінде ішкі нарықта әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларының өсуіне әсер тигізетін бірқатар себептерді  анықтағанын айтты.

    «Дүниежүзілік нарықта баға конъюнктурасының өзгеруі және ұлттық валютаның әлсіреуі импорттық жеткізілімге тәуелді тауарларға әсерін тигізді. Олар бойынша отандық тауарлармен тұтынудың қамтамасыз етілуі 60 пайызға кеміді.  Ірімшік 16,7, сүзбе, тауық еті және саны, сұлы жармасы, құмшекер 56,4 пайызды құрады», – деді ол.

    Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, табиғи монополия қызметтеріне тарифтердің  және 2015 жылғы қыркүйекте жаңар-жағармай бағасының 15,6 пайызға өсуі де азық-түлік бағасының шарықтауына ықпал еткен.

    «2015 жылғы 1 тоқсанда тарифтердің, оның ішінде электр қуатына 7,9 пайызға өсуі азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне әсерін тигізді», – деді Бишімбаев.

    Дереккөз: Stan.kz

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.