Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістанда жыл соңына дейін 7 кәсіпорын іске қосылады
    Айғақ MEDIA

    Түркістанда жыл соңына дейін 7 кәсіпорын іске қосылады

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.09.20201 148 Views

    Түркістан облысындағы Индустриалды аймақта жыл сыңына дейін жалпы құны 2,6 млрд. теңге болатын 7 жоба іске асырылады деп күтілуде. Жоспар жүзеге асқанда 446 жаңа жұмыс орны ашылатын болады, -деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Соның бірі жуырда ғана облыс әкімі Ө.Шөкеевтің арнайы қатысуымен іргетас капсуласын салу рәсімі өткен «Turkestan Tekstil» БК тігін фабрикасы. Жобаның жалпы құны 415 млн. теңге. Бұл туралы «Turkistan» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясының бас директоры Талғат Қыдырбаев мәлімдеді.
    Оның сөзінше, «Бекзат» мөлтек ауданындағы 40 гектар жерді алып жатқан индустриалды аймақ 350 гектарға дейін ұлғайтылады.
    «Әлемді алаңдатқан індетке байланысты елде жарияланған төтенше жағдай мен карантин режимі кәсіпкерлік нысандарына айтарлықтай кері әсерін тігізді. Мәселен, жұмыс істеп тұрған мекемелерді былай қойғанда, жаңадан ашылатын кәсіпорындардың құрылыс жұмыстары баяулады. Дегенмен, жыл соңына дейін ғимарат құжаттарын заңдастыру жағы қолға алынады. Бүгінде осыған байланысты тиісті жұмыстар жүргізілуде», – деді Т.Алпысбайұлы.

    Қазіргі таңда, Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта жұмыс істейтін азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін тиісті шаруалар атқарылуда. Атап айтқанда, аймақтың жолдары асфальтталып, веложолдармен қамтылуда. Мұны мамандар жұмысшылардың емін-еркін қатынауына оң әсер беретінінімен байланыстырады. Сондай-ақ, онда шағын футбол алаңшасы мен теннис корды салынып, жұмысшылардың тиісті деңгейде салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік туады.

    Айта кетейік, жалпы облыста 9 индустриалды аймақ бар. Олар Түркістан, Кентау қалалары мен Ордабасы, Созақ, Түлкібас, Бәйдібек, Қазығұрт, Шардара, Мақтаарал аудандарында орналасқан. 2019 жылы аталған индустриалды аймақтарда құны 4,3 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба іске қосылып, 460 жаңа жұмыс орны ашылған. Нәтижесінде өңір бюджетіне 1,2 млрд. теңге салық аударымдары жасалып, 6,77 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 4 есеге артық.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.