• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады

15.09.2020
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасы жобаларын іске асыру барысы қаралды. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов баяндама жасады.

Пандемияның күрделі жағдайлары мен экономикадағы әлемдік құлдырауға қарамастан, 2020 жылдың 8 айында өңдеу өнеркәсібінде оң динамика қалыптасты, өсім 3,3%-ды құрады. Биыл Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 996 млрд теңгеге 206 жобаны іске қосу көзделген. Бұл өндіріс көлемін 1,3 трлн теңгеге, экспортты 325 млрд теңгеге арттыруға, шамамен 19 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Салалар бөлінісінде жобалардың негізгі бөлігі машина жасау (170 млрд теңгеге 19 жоба), ТКМК (190 млрд теңгеге 18 жоба), АӨК (195 млрд теңгеге 76 жоба), энергетикаға (126 млрд теңгеге 10 жоба) тиесілі. Индустрияландырудың көрнекі мысалдары — Алматыда «Hyundai» және Қостанайда «Chevrolet» жеңіл автомобильдерін құрастыруды іске қосу, Қарағанды облысында техникалық газдар өндірісі мен алтын шығару фабрикасын ашу және т. б. Құрылатын Өнеркәсіпті дамыту қоры 3%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді несие беру арқылы кәсіпорындарды кеңейтуге және жаңғыртуға ықпал етеді. Биыл капиталды аса қажет ететін жобалар Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында іске асырылуда. «Қалған өңірлер жобаларды іске асыруды жандандырсын. Әкімдер Индустрияландыру картасындағы жобалар бойынша жеке жауапты болады», — деді А. Мамин. Үкімет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, биылғы жылға белгіленген барлық жобаларды іске асырып қана қоймай, Индустрияландыру картасы жобаларының пулын қосымша пысықтап, кеңейтуді тапсырды. Сонымен қатар барынша тұрақты ішкі және сыртқы сұранысы бар салаларды, оның ішінде жеңіл, азық-түлік және химия өнеркәсібін, машина жасау мен фармацевтиканы, кең ауқымды пайдаланылатын құрылыс материалдарын өндіруді қолдауға, сондай-ақ мұнай-химия және газ өңдеу салаларындағы технологиялық күрделі жобаларды қолдауға бар күш-жігерді жұмсау қажет. Премьер-Министр моноқалаларда индустриялық жобаларды дамыту қажет екенін атап өтті. Табысты мысал ретінде Қарағанды облысының Саран қаласын келтірді, онда «Youtong» автобустар мен арнайы техника өндірісі бойынша ірі жобаны іске асыру қолға алынды. 1 500 жұмыс орны құрылады, автобустар мен арнайы техника өндірісінің қуаттылығы жылына 1 500 бірлікті құрайды. Сонымен қатар қуаттылығы жылына 3,5 млн дейін болатын автошиналар өндіру жобасы пысықталып жатыр, олардың 30%-ын экспорттау жоспарланған. Бұл тағы 1,5 мың жұмыс орны. Жалпы алғанда, Саран қаласында инвестициялар көлемі 150 млрд теңгені, жыл сайынғы өнім шығару 160 млрд теңгені құрайды. Бұған қоса әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіру және салу жұмыстары басталды. «Мұндай деңгейдегі өндірісті барлық моноқалаларда дамыту қажет. Сондықтан әкімдер инвесторлармен белсенді жұмыс істеп, олар үшін қажетті жағдайларды жасап, халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуі керек», — деді А. Мамин. Үкімет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «цифрлық дәуір» өнеркәсібін дамыту жөніндегі жұмысты күшейтуді және цифрлық шешімдерді енгізетін кәсіпорындарды қосымша ынталандыру мүмкіндігін пысықтауды, Цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне өндірістік процестерге роботтандыру мен жасанды зерде озық технологияларын енгізу деңгейіне мониторингті күшейтуді тапсырды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2020 жылғы қазан айының соңына дейін «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң тұжырымдамасының жобасын әзірлеп, Үкіметке енгізу тапсырылды.

primeminister.kz сайтынан

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.