Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Т.Дүйсенова жұмысқа орналастыру деңгейi төмен облыстарды атады
    Жаңалықтар

    Т.Дүйсенова жұмысқа орналастыру деңгейi төмен облыстарды атады

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.09.2016133 Views

     

     Биыл 700-ге жуық адам экономикалық әлеуеті бар елді мекендерге көшірілген. Бұл туралы Үкiмет отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова жеткiздi, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

    «Еңбек мобильдiгiн арттыру бойынша биылғы жылы 699 адам жоғары экономикалық әлеуеті бар елді мекендерге көшірілді, оның 50%-ы тұрақты жұмыспен қамтылды», – деп баяндады Т. Дүйсенова.

    Сонымен қатар, үшінші бағытта 5 210 адам кәсіби мобильділігін арттыру үшін тегін оқу мүмкіндігін алды. Олар сондай-ақ тұрғылықты жеріне және жол ақысына субсидия түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды. 3761 қатысушы оқуын аяқтады. 25,5 мыңнан астам мақсатты топтардың өкілдері әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар іс-тәжірибесіне орналастырылған.

    Жыл басынан берi «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында 116 мың адамға жұмысқа орналасу бойынша қолдауға ие болған. Оның 70 пайызы немесе 81 мың адам тұрақты жұмысқа және 30 пайызы уақытша жұмысқа орналастырылды.

    Министр баяндағандай, БҚО, Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарында адамдарды тұрақты жұмысқа орналастыру деңгейi төмен.

    Жалпы алғанда, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, 210,9 мың жаңа жұмыс орны құрылды, ауылдық жерлерде – 102,9 мың. Жұмыс орындарының басым бөлігі сауда орындарында құрылды – 25,6 мың, құрылыста – 22 мың, өнеркәсіпте – 16,1 мың. Жаңа жұмыс орындарының жалпы санының 63,2% – тұрақты, қалғандары – уақытша және маусымдық.

    Дереккөз: Тәуелсіз интернет басылым.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.