Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан: Карантиндік шектеу шараларын ұзарту туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
    Айғақ TV

    Түркістан: Карантиндік шектеу шараларын ұзарту туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.09.2020Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.08.2020 ж. «Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын ұзарту туралы №33 қаулысына  өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.08.2020 ж. №33 «Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын ұзарту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
    1) 2-бөлімнің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
    — қалалық, қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің қызметіне тыйым салу.
    2) 2-бөлімнің 4-тармағы алынып тасталсын;
    3) 2-бөлімнің 8-тармағындағы «автомобиль» деген сөз алынып тасталсын;
    3) 2-бөлімнің 9-тармағы алынып тасталсын;
    4) 2-бөлімнің 13-тармағы алынып тасталсын;
    5) 3-бөлім келесі мазмұндағы 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40) тармақтармен толықтырылсын:
    29) бассейндердің қызметіне жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су айнасы есебінен, алдын ала жазылу бойынша (жазылу журналын жүргізумен, жазылу журналын нөмірлеу және тігу) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін рұқсат етілсін, демалыс (сенбі-жексенбі) және мереке күндері жұмысы тоқтатылсын;
    30) мәдениет объектілерінің, кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат берілсін (30 адамнан аспайтын жеке, топтық репетициялар);
    31) демалыс (сенбі-жексенбі) және мереке күндері жұмысты тоқтата тұрумен, белгіленген талаптар сақталған жағдайда және ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметіне рұқсат етілсін;
    32) облысішілік қалааралық және ауданаралық жолаушылар тасымалдарына (автобус, шағын автобус) рұқсат етілсін;
    33) жаттығу залдарының қызметіне (1 келушіге 5 ш. м. — ге дейін, алдын ала жазылу бойынша, жазылу журналын жүргізумен, жазылу журналын нөмірлеу және тігу) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін рұқсат етілсін, демалыс (сенбі-жексенбі) және мереке күндері жұмысы тоқтатылсын;
    34) спорт кешендерінің қызметіне (жеке және топтық жаттығулар үшін 5 адамнан аспайтын) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін рұқсат етілсін, демалыс (сенбі-жексенбі) және мереке күндері жұмысы тоқтатылсын;
    35) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың: мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, қорықтардың, резерваттардың және өзгелердің (жеке және ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, маскалық режимін сақтаумен) қызметіне рұқсат етілсін;
    36) контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептердің; мектепалды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған жағдайда білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне рұқсат етілсін;
    37) алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге рұқсат етілсін (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);
    38) ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат етілсін;
    39) автомобиль базарларының қызметіне рұқсат етілсін (санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, аптасына 1 күн, сәрсенбі күні);
    40) Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ««Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМКК қызметіне рұқсат етілсін.

    2. 7-бөлімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
    — облыс аумағында жұмыс істеуге рұқсат етілген объектілер қызметін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және 2020 жылғы 28 тамыздағы №50 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларымен бекітілген алгоритмдерге сәйкес жүзеге асырсын.

    3. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

    4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін, әлеуметтік желілерде таратылсын.

    5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Түркістан облысының
    Бас мемлекеттік
    санитариялық дәрігері Н. Нышанов

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.