Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Асқар Мырзахметов: Жайылымдық мал шаруашылығын дамыту мәселелерін кешенді түрде қарастыру қажет
    Жаңалықтар

    Асқар Мырзахметов: Жайылымдық мал шаруашылығын дамыту мәселелерін кешенді түрде қарастыру қажет

    Айғақ медиаАйғақ медиа19.09.2016204 Views

    ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов селекторлық режимде Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласының жай-күйі мен проблемалық мәселелерін қарады.

    Министр көпшілік сұрауына орай жайылымдық мал шаруашылығы мамандарын ынталандыра түсу үшін жұмыс өтіліне қарай бюджет есебінен төлем қарастыру мен оларға тұрғын үй салу, сондай-ақ, арнайы және жоғары ЖОО-да балаларына гранттар бөлу мәселелерін сөз етті.

    «Жайылымдық мал шаруашылығы, оның ішінде, қой шаруашылығы елді мекендерден жырақта, тиісті әлеуметтік-тұрмыстық шарттарсыз, қиын жағдайда жүргізіледі. Сондықтан да, бұл саланы кадрмен қамту және іріктеу мәселесі өткір тұр. Өз кезегінде, біздің Министрлік ахуалды оңғаратын барлық бастамаларды қолдайды және түйткілді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп шешетін болады», — деп атап өтті А.Мырзахметов.

    Бұл орайда, облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдеріне қосылған құн салығы мәселесі де қозғалды. Аймақ өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта өндіріс көлемін сақтау мен тамақ өнімдерін сату үшін 50% шегінде ҚҚС (12%)  төмендету немесе мөлшерлемесін 6%-ға дейін жеткізу керек.

    Алайда, ауыл шаруашылығы өкілдері салық салу мәселесінің Ұлттық экономика министрлігінің Салықтық-кеден кодексі жұмыс тобының отырысы аясында қаралатынын атап өтті. Соған қарамастан, Министрлік барша құзырлы органдарға сауал жолдап, сұрау салатын болады.

    Сонымен қатар, қатысушылар бюджет қаражатын жалпы сипаттағы трансферттік бағдарламалар аясында қолдануды жетілдірудің жолдарын талқыға салып, бірқатар ортақ шешімдерге келді және жауапты сала жетекшілері  ШҚО ауыл шаруашылығы құрылымдары түзген мәселелер тізбесі бойынша министрден тапсырмалар алды.

    ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.