Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да «мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты тіл айлығы өтуде
    Жаңалықтар

    ОҚО-да «мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты тіл айлығы өтуде

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.09.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Қазақстан халқы тілдері мерекесі қарсаңында «Мәңгілік елдің — мәңгілік тілі» атты облыстық тіл айлығы өтуде. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

    Аталған шара аясында «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Сөз — жанның тілі, ән-жүректің мұңы, тіл — рухтың үні», «Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте», «Мемлекеттік тіл — барлық халықты біріктіретін тіл» сынды бірқатар тақырыптарда аудан, қалаларда 5 байқау, 8-ден астам акциялар, жоғары оқу орындары мен барлық мемлекеттік мекемелерде 20-дан астам дөңгелек үстелдер мен бір форум, 10-нан астам пікір алмасу жиындары мен дебаттар, әдеби сазды кештер және барлық аудан, қалаларда кітап көрмесі, суреттер мен фотоколлаж, т.б. шаралар ұйымдастырылады.

    Айта кетейік, облыстық тіл айлығы 22 қыркүйек күні «Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шарасымен қорытындыланады. Шарада тіл жанашырлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, облыс әкімінің, «Нұр Отан» партиясының және облыс мәслихатының арнайы алғыс хаттарымен марапатталатын болады.

    Сонымен қатар, ауқымды жоспарда «Мемлекеттік тіл – мерейім» атты мемлекеттік тілді білу арқылы жетістікке жеткен өзге ұлт өкілдерімен кездесулер өткізу, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай, «Менің бір ғана Отаным бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан» атты мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар арасында ант беру рәсімін ұйымдастыру жоспарланған.

    Дереккөз: zakon.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.