Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 20 тамыздағы жарлығы бойынша Түркістан облысы Келес ауданы және Кентау қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері Орызымбетов Спандияр , Егембердиева Газиза және Сайрам аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Зейнеп Құттыбаева «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Департаменттің Аурухана ішілік инфекцияларды және медициналық ұйымдарды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Мадина Ахметова Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің алығыс хатымен марапатталды.
Бүгінгі таңда коронавирусты инфекциямен күрес жолында санитарлық саланың қызметкерлері аянбай тер төгуде. Елдің амандығы жолында жасаған жанкештіліктеріңізге бас иіп,саламыздың майталмандарының дендеріне саулық , отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыс , шығармашылық шабыт тілейміз!
Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.