Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Шымкентте ұстаздардың тамыз конференциясы өтті
    Айғақ TV

    Шымкентте ұстаздардың тамыз конференциясы өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа27.08.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласында педагогика саласы қызметкерлерінің онлайн тамыз конференциясы өтті.

    Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев, «NUR OTAN» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, аудан әкімдері, ардагер ұстаздар және білім басқармасының, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Олар саладағы өзекті мәселелер мен жетістіктерді саралап, жаңа оқу жылына арналған міндеттерді айқындады. Онлайн режимінде өткен іс-шараға барлығы 10 мыңнан астам адам қатысты.
    Конференцияда қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттер туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа оқу жылында 14 940 бастауыш сынып оқушысы үшін ата-аналардың өтініші негізінде қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, 996 кезекші сынып ашылады. Олар тек бір кабинетте бір мұғаліммен ғана оқиды. Үзілістер әртүрлі уақытта, сыныптағы балалар саны 15-тен аспайтын болады екен.


    Бүгінде мектептер «Bilim Iand — Onlinemektep.orq» интернет платформасында қашықтан оқытуға толығымен дайын. Шымкент қаласынlа сервер орнатуды «Қазақтелеком» АҚ арқылы қамтамасыз етуде.
    Сонымен қатар, 36 мектепке ішкі әжетханалар орнату мәселесі шешіліп, 136 мектеп 100 пайыз бейнебақылау камерасымен қамтамасыз етілді.
    Кеңес барысында шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы жыл сайынғы жаңа оқу жылы алдында өткізілетін тамыз кеңесі ұстаздар үшін маңызды жиын екенін атап өтті.
    «Елімізде алғаш рет балалар жаңа оқу жылын қашықтықтан оқумен бастауда. Қашықтықтан оқу барысында көптеген қиыншылықтарға қарамай ұстаздарымыз үнемі іздене отырып, бірлігімен, белсенділігімен, жауапкершілігімен қала абыройын асқақтата білді. Бірлесе атқарған еңбектеріңіз үшін барлықтарыңызға алғысымды білдіргім келеді»,- деді қала әкімі.
    Сондай-ақ, білім саласының басшыларына жаңа оқу жылында барлық білім беру ұйымдарында санитарлық талаптардың сақталуын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алатын барлық қызметті цифрландыруды, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуальды оқытуды және «Жас маман» жобасы бойынша жұмыстарды сапалы жүргізуді тапсырды.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.