Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан облысында «ЖАСТАР – ОТАНҒА» бағдарламасы толықтырылып жатыр
    Айғақ TV

    Түркістан облысында «ЖАСТАР – ОТАНҒА» бағдарламасы толықтырылып жатыр

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.08.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының мәжіліс залында жастар саясатын жандандыру, жастарға қолдауды күшейту, «Жастар – Отанға»  бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланған жиын өтті. Оған өңірдегі 6 басқарма басшылығы мен оқу орындарынан және жастар саясатына жауапты мекемеден өкілдері мен жастары келіп қатысты. Жиынды «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев жүргізіп отырды.


    «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 21 тамызында  Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жастар саясатын жандандыру жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, «Jas Otan» Жастар қанаты  2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға» бағдарламасын әзірледі. Аталған бағдарламаның бағыт-бағдарлары айқындалып, индикаторлары белгіленді. Түркістан облысында да өңірлік деңгейде «Жастар – Отанға» бағдарламасы әзірленіп жатыр.
    «Осы ауқымды істі жүзеге асыру, жол картасын толықтыру үшін басқармаларға бірлесіп жұмыс істеуді ұсынамыз», – деді Б.Дәулетұлы.

    Облысымызда «Жастар-Отанға» бағдарламасын өңірде тиімді жүзеге асыру үшін нақты индикаторлар мен іс-шараларды қамтитын жол картасы Түркістан облысы әкімдігі басқармаларымен бірлесе отырып әзірленді. Жол картасының мақсаты –  өңірде жастар саясатын тиімді жүзеге асыру,  жастарға, жас отбасыларға қалыптасу жолында жан-жақты қолдау көрсету. Сонымен қатар бұл  жол картасы жастар арасындағы қылмыс пен жұмыссыздықты азайту, өз-өзіне қол жұмсау және өзге де келеңсіз жағдайлардың алдын-алуға бағытталған іс-шаралар жоспарын қамтиды.

    Басқарма басшылары мен өкілдері өздеріне тиесілі бағыттарды дамыту бойынша ойлары мен ұсыныстарын жеткізді. Жиынның қорытындысы бойынша облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына Түркістан облысындағы өзге тілді мектептерде мемлекеттік тілде оқытатын сыныптарды ашу бойынша жұмыстар жүргізу ұсынылды.

    Түркістан облысы стратегия және экономикалық даму басқармасы мен қоғамдық даму басқармаларына «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын ауылдардағы маман қажеттілігіне қарай ұйымдастыруды қолға алмақ. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы аула клубтарын дамыту және спорттық іс-шараларды жүйелі өткізеді. Сонымен бірге жастарды жұмыс орнымен қамту, «Серпін» бағдарламасын насихаттау, жастардың сапалы білім алуларына жағдай жасау және өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, хаттамаға енгізілді.

    «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.