Бұл жайлы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Азаматтық Альянсы заңды тұлғалар қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің президенті Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы мен «БЕРЕКЕ» қоғамдық бірлестігінің координаторы Андабаева Гүлсім Ахынбекқызы мәлімдеді.
Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі «Түркістан облысы аудандық ҮЕҰ-ның дамуына қолдау көрсету» жобасы шеңберінде жүзеге асуда. Аталған жоба Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен «Береке» қоғамдық бірлестігі мен «Түркістан облысы Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткелі отыр.

