Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«Астана моторс» компаниясы Мақтааралдықтарға үй жиһаздарын сыйға тартты
    Айғақ TV

    «Астана моторс» компаниясы Мақтааралдықтарға үй жиһаздарын сыйға тартты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.08.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Еліміздегі алпауыт брендтердің бірі «Астана моторс» компаниясы Мақтаарал ауданындағы су басқан Өргебас және Фирдауси ауылының тұрғындарына жалпы сомасы 50,5 миллион теңгені құрайтын 426 жинақталған үй жиһаздарын сыйға тартты.

    Бүгін үй жиһаздарының алғашқы легі Өргебас ауылына келіп, құрылыс жұмыстары аяқталған бірнеше үйге таратылды. Қайырымдылық іс-шарасына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, аудан әкімі Бақыт Асанов және компанияның бас директоры Бекнұр Несіпбаев қатысып, тұрғындарды үлкен қуанышқа бөледі. «Ауданымызға келген қиыншылықты жеңуге көмектесіп, демеушілік жасап жатқан кәсіпкерлеріміз өте көп. Міне, бүгін еліміздегі брендтердің бірі «Астана моторс» компаниясы су басқан Өргебас және Фирдоуси ауылдарының тұрғындарын үй жиһаздарымен қамтамасыз етуде. Ол үшін компанияның басшылығы мен ұжымына аудан тұрғындарының атынан шын жүректен алғыс айтамын», – деді, аудан басшысы Бақыт Насырханұлы.

    Жинақталған үй жиһаздарын отандық «Диана 3Д» кәсіпорны өндірген. Екі кісілік кереует, айнасы бар үш есікті шкаф, кереует жанында тұратын 2 тумба және матрацтан тұратын жинақталған жиһаздың жалпы құны 118 600 теңгені құрайды.

    «Мыңдаған адамдар кенеттен үйлерінен және толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды деген қайғылы хабар бізді қатты алаңдатты. Бүгінгі таңда су басқан ауылдардағы өмір мемлекет пен жеке қаражаттардың есебінен қайта қалпына келтірілуде. «Астана Моторс» өз кезегінде қаражат бөліп, жаңа үйге қоныстанушыларға үй жиһаздарын тарту етуде. Бұл — су апатынан зардап шеккен әрбір отбасы үшін жаңа бақытты оқиғаның бастамасы болсын!» — деді, компанияның бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

    Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сардаба» су қоймасының апатқа ұшырауынан Мақтаарал ауданындағы 5 ауылды су шайып кеткен болатын.

    Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.