Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан облысы бойынша «жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті тағайындалды
    Айғақ TV

    Түркістан облысы бойынша «жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті тағайындалды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.08.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті тағайындалды. Бұл лауазымға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Әбілсейіт Дүйсебаев ие болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қазметінде өткен брифингте Облыстық жауынгерлік өнер қауымдастығының басшысы Дәурен Тәңірбергенов мәлімдеді.
    Оның сөзінше, өңірімізде жаңадан ғана құрылған аталған мекеме бұқаралық спортты дамытып, жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмірсалтын ұстануға шақырады, сондай-ақ олимпиадалық емес спорт түрлерінің халықаралық имиджін көтеруге зор үлес қосады.
    «Түркістан облысында Ассоциация 2020 жылдың 28 қаңтарынан ашылып жұмыс жүргізіп келеді. Негізгі мақсаты облыстағы спорт федерацияларына Ассоциацияны қолдау көрсетіп, жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу. Бүгінде осынау мекеменің тізгінін қолға алып отырған Әбілсейіт Оразақынұлын шын жүректен құттықтап, сәттілік тілегім келеді», – деді Д.Рахымұлы.
    Сондай-ақ, жиынға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жаңа басшыны қызметімен құттықтап, алдағы жұмыстарына әкімдік тарапынан да қолдау болатынын жеткізді.
    «Жаңа облыста спорттың ерекше түріне жататын жауынгерлік өнердің дамуына бет бұрып жатқанына қуаныштымын. Өздеріңіз білесіздер аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің спорт саласына деген көзқарасы ерекше. Әрдайым спортшыларға қолдау білдіреді. Қазіргі таңда Түркістан қаласында ондаған спорттық нысан салынуда. Жаңадан ашылатын спорт кешендерін пайдалана отырып, өз салаларыңызды дамыта түсуге шақырамын», – деді облыс әкімінің орынбасары.


    Өз кезегінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Әбілсейіт Дүйсебаев сенім артқан әріптестеріне алғысын білдірді.
    «Қазіргі таңда жауынгерлік жекпе-жектерді лицензиясы жоқ азаматтар да ұйымдастыра беретін болған. Жекелеген азаматтар өткізген мұндай спорттық шараларда тиісті талаптар сақтала бермейді. Осындай олқылықтарды болдырмау біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан спорт федерацияларына қолдау көрсетіп, жауынгерлік өнердің дамуына аянбай қызмет ететін боламыз», – деді Ә.Оразақынұлы.
    Жалпы «Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы 2018 жылдың 26 қарашасында құрылды. Ұйым құрамына олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша аккредитациядан өткен 25 федерация енді, Түркістан облысы, бойынша аккредиттелген 34 спорт түрі бар, соның ішінде 8 спорт түрі жауынгерлік өнер қауымдастығының құрамына кіреді. Олардың қатарында «Түркістан облысының ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясы», «Ушу Кунг-фу федерациясы», «Муайтай федерациясы», «KARATE федерациясы», «Таеквандо ITF федерациясы», «Кикбоксинг федерациясы», «Панкратион және греплинг (AIGA нұсқасы) федерациясы», «Самбо күресі федерациясы» бар. Ассоциация төрт бағыт бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, карате, жекпе-жек түрлері, толықконтактілі спорт түрлері, ММА аралас жекпе-жек түрі.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.