Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан қаласында бюджет қаражатынан 33,5 млн. теңге жымқырылған
    Айғақ TV

    Түркістан қаласында бюджет қаражатынан 33,5 млн. теңге жымқырылған

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.08.2020Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан қаласын дамыту шеңберінде мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алу кезінде 33,5 млн. теңге көлеміндегі бюджет қаражатының жымқырылғанын Түркістан қаласының прокуратурасы анықтады.

    Мемлекет мұқтажы үшін 6 жер телімінің иеліктен шығарылған өтеуі ретінде аталған соманы 2019 жылы қала әкімдігі жекелеген тұлғаларға төлеген, — деп хабарлайды  Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

    Алайда прокурорлық талдаулары барысында аталған жер телімдерінің бір бөлігіне меншік құқығы мүлдем тіркелмегені, ал екінші бөлігі жалған құжаттардың негізінде рәсімделгені анықталды.

    Яғни, «Жер кодексі» мен «Мемлекеттік мүлік туралы» Заң талаптарына сәйкес (алынуға жататын жылжымайтын мүлікті) жергілікті атқару органының лауазымды тұлғалары жер иелігіне құқық куәландыруын беретін құжаттарды мұқият тексермей, жылжымайтын мүліктерді тізімге қосу арқылы аталған жерлер үшін 33,5 млн. теңгеге өтемақыны заңсыз төлеген.

    Прокуратураның ден қою актісі негізінде заңсыздықтарға жол берген қала әкімінің осы салаға жауапты орынбасары Т.Мұсаевқа «Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілді. Сонымен қатар заңсыз құқық куәландыруды беретін құжаттардың  күшін жоюға және келтірілген залалды өтеуге тиісті шаралар қолданылуда.

    Бұдан бөлек, прокуратурамен жинақталған құжаттары негізінде Қылмыстық кодекстің 366-бабына сәйкес (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) Түркістан қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.