Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Тоқаев жемқорлықпен күрестің 5 бағытын атады
    Айғақ TV

    Тоқаев жемқорлықпен күрестің 5 бағытын атады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.08.2020Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен күрестің 5 бағытын атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

    Тоқаев жемқорлықпен күресте ешқандай көзбояушылыққа, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге жол берілмеуі тиіс екенін ескертті.

    Сыбайлас жемқорлық жағдайларының саны әлі де азаймай тұр.Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан.

    «Халықаралық сарапшылардың айтуы бойынша мемлекеттер пандемияның салдарымен күреске мол қаражат жұмсап жатқан кезде қаржыны мақсатқа сай пайдаланбау және жымқыру қаупі арта түседі. Бөлініп жатқан қаражат мұқият әрі тиімді жұмсалуға тиіс. Бұл – әр теңге өзінің мақсатына сай жұмсалуы керек деген сөз. Әсіресе, қазіргі жағдайда еш пайдасы жоқ және қажетсіз іс-шараларға қаражаттың шығындалуына  қоғамның қалай қарайтынын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай мәселелерге  болары болып, бояуы сіңгеннен кейін емес, алдын ала мән беру – өте маңызды», — деді Тоқаев.

    Бес бағыт:

    Бірінші. Сыбайлас жемқорлық жөнінде жүйелі түрде ескертіп отыруға  ерекше мән берген жөн.

    Осыған орай, түрлі саладағы жемқорлыққа жол ашатын жағдайларға сапалы талдау жасау керек.Заң барлық мемлекеттік органдарға түйткілді тұстарды өз бетінше анықтап, жоюға міндеттейді.Алайда, бұл жұмыс жүріп жатқан жоқ.Мұндай әрекетсіздік жақсылыққа апармайды.Дер кезінде алдын алу және ескерту жұмысы жүргізілмесе, жемқорлық деген кесел көптеген адамның жарқын келешегіне  балта шабуы әбден мүмкін.

    Екінші. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес.

    Күнделікті өмірде жемқорлық жағдайларына тап болған жұрт шарасыз күйге түседі,  әділдіктің бар екеніне сенбейді.Пандемиямен жалпы ұлттық деңгейде жаппай күрес жүріп жатқанда пайда табу үшін адам қаншалықты арсыз болуы керек?

    Мысалы, Алматыдағы Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері азаматтарды блок бекеттен өткізу үшін үнемі пара алып отырған.

    Мұндай деректер бірнеше өңірде байқалды. Тіпті, барлық жерде осылай болған шығар деп ойлаймын.

    Азаматтарымыз тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен бетпе-бет келіп отырған кезде сіз бен біздің істеп жатқан жұмысымыздың еш тиімділігі болмайды. Ешқандай халықаралық рейтингтің де керегі болмай қалатыны түсінікті.

    Түрлі тарту-таралғы беру, сыйлық талап ету, диплом сатып алу – келмеске кетуі керек.

    Бұл үшін қоғамда жемқорлықтан жаппай жиренуге қол жеткізуіміз қажет.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Үкіметпен бірлесіп, Тұрмыстық жемқорлықпен күрес жөніндегі жол картасын әзірлеуі керек.

    Үшінші. Мемлекеттік қызметтерді жедел цифрландыру.

    Деректер базасын одан әрі интеграциялау мәселесіне ерекше назар аудару қажет.Бізде бір ведомствоның шағымына жауап ретінде басқа мемлекеттік органнан анықтама алуға тура келетін тәжірибе әлі күнге дейін жойылған жоқ.

    «Сергек» мемлекетке бұзушылықтарды тіркеу бөлігінде озық технологиялар қандай пайда әкелетінін көрсетті.

    Төртінші. Бизнесті қорғау.

    Экономикалық проблемалар аясында кәсіпкерлікті қолдау ерекше өзекті болып отыр.

    Бес жыл ішінде заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру туралы қылмыстық істер бойынша – 11, рейдерлік істер бойынша-7 адам сотталды.

    Осы сандардан бизнесті қорғаудың құқық қорғау тетіктері тоқтап тұрғанын көруге болады.

    Өткен жылғы Жолдауымда мен заңды бизнеске кедергі жасау аса ауыр мемлекеттік қылмыс болып табылатынын айттым. Бұл туралы барлық құқық қорғау органдары, соның ішінде Бас прокуратура да есте сақтауы тиіс.

    Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, бір ай мерзімде барлық қозғалған мәселелер бойынша нақты ұсыныстарды бекітуге енгізу тапсырылады.

    Бесінші. Қоғамдық бақылауды күшейту.

    Мемлекеттік органдар қаншалықты тырысса да, олар қоғамның қолдауынсыз табысқа жете алмайды.

    Азаматтарда парасаттылық идеологиясы қалыптасуы тиіс.

    Қазір бұл бағытта үлкен жұмыстар жүргізілуде.

    Академиялық адалдық лигасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы волонтерлік клубтар, адалдық дүңгіршектері және өзіне – өзі қызмет көрсету кассалары-мұндай жобалар туралы ақпарат кеңінен жариялануы тиіс.

    Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық майданында қоғамдық бақылауды күшейту керек.

    Азаматтық қоғам мемлекеттік органдарға көмектесуге дайын.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.