Рашид Абатұлының төрағалығымен өткен апталық мәжілісте дүйсенбі күні орын алған жағдай басты назарда болды. Қала әкімі аналардың шағымдарына байланысты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысына сөгіс жариялап, қызметтік тексеріс өткізілуін талап етті.
Халыққа сапалы қызмет көрсету барысын жақсарту үшін қызметтерді автоматтандыру және жұмыс барысын бейнекамералар арқылы бақылау мәселесі қаралды.
Орталықтың іші сыртында 19 бейнебақылау камералыр орнатылған. Қосымша әрбір жұмыс орнына 18 аудио-видео жазатын камера орнату жоспарда бар. Бұдан бөлек, алдын орнатылған камераларға келушілерді санау, адамдардың көп жиналуын бақылау, жұмыс персоналының белсенділігін бақылау, кезектілікті анықтау аналитикаларын енгізу жоспарлануда. Серверлік құрылғыларды орнатып, қала әкімінің аппараты, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және орталықтың ғимаратына автоматты жұмыс орнын орнату жоспарда бар.