Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Кірпіш құйған арулар
    Айғақ TV

    Кірпіш құйған арулар

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.08.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Дарбаза қақпасының құрылысына қыздардан құралған еріктілер тобы да атсалысуда.»Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи орындарды қайта жаңғырту жұмыстарына студент қыздардан құралған еріктілер тобы да белсене кірісті.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің барлық өңірінде құрылған «Асыл Мұра» бағыты еріктілерді материалдық және рухани, мәдени-тарихи мұраларды сақтау жұмыстарына тартуда.
    Осы орайда, Түркістан қаласындағы университет пен колледждердің студенттерінен құрылған еріктілер тобының 12 мүшесі Дарбаза қақпасының қабырғасын қалау жұмыстарына атсалысса, екінші бір тобы «Қазқайтажаңарту» кәсіпорнында өндірілетін реставрация қыштарын дайындауға үлес қосуда.

    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі  спорт факультетінің студенті  Наргиза Абдиева «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіндегі қайта жаңғырту жұмыстарына қуана келісіпті. Оның себебін сұрағанымызда:  «Бұл жерде жұмыс істеу әркімге бұйыра бермейді деп ойлаймын. Бұл еңбек — біз үшін бақыт. Себебі бұл — тарихта қалатын дүние. Өзіміз мақтанышпен қараған, бізден кейінгілер де мақтанышпен қарайтын тарихи дүниенің бір кірпішін болса да біз қалағанымыз үлкен мәртебе»,- дейді бір аптадан бері тынбай еңбек етіп жүрген ерікті жас Наргиза Абдиева.

     «Қақпаны қайта жөндеу жұмысына өз көмегімізді көрсетіп жатырмыз. Жұмыс қиын деп айта алмаймыз. Бізге барынша қыздардың шамасы келетін жұмыстарды қарастырып берді. Еріктілік деген қазақтың қанында бар қасиет қой. Мәселен, қазақта «Асар» деген ұғым бар. Жастайымыздан туған-туысымызға көмектесіп өстік, енді тарихымызға қолғабыс етіп жатырмыз»,- дейді Мадина Қалматаева.

    Өз кезеңінде  тарихи қызмет атқарған Дарбаза қақпасының қабырғасын қалауға және өзге де тарихи-мәдени ескерткіштерді күтіп-баптап, сақтап қалуға қажетті арнайы кірпіштер дайындалататын «Қазқайтажаңарту» кәсіпорнында да он екі ерікті қыз жұмылдырылған.

    «Реставрация қыштарын дайындау оңай емес екен.  Тынымсыз еңбек. Басында кішкене қорқыныш болды. Кәсіпорын мамандары барынша ықыласпен үйретіп, қыш дайындаудың қыр-сырын түсіндіріп жатыр. Бізге ауыр жұмыстар тапсырылмайды. Жұмысқа жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты түрде қолғабыс етіп жатырмыз деп ойлаймын»,- деді Жәудір Мақсұтқызы

    Айта кетсек, 2020 — волонтерлар жылына орай, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Қадырұлы Түркістан облысы және қала әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының басшыларымен меморандумға қол қойғанын хабарлаған болатынбыз.
    ⠀
    Бірлескен келісімнің нәтижесінде жастар мен еріктілерге туризм, музей ісі және мәдени-көпшілік шараларға қатысуға, гид ретінде танытуға мүмкіндік беріледі.
    Сонымен қатар, семинар, лекция, форумдар, қайырымдылық акциялары  мен кездесулерге ерікті түрде қатысып, аталған сала бойынша тегін оқыту курстарына да қатыса алады.
    ⠀Тарихи орындарда жүргізіліп жатқан археологиялық қазбалар мен қайта жаңғырту, өзге де жұмыстарға ерікті жастарды көптеп тарта отырып, музей ісін жастар бойына терең сіңіру жұмыстары алдағы уақытта жалғасын  табатын болады.

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.