Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың қатысуымен өткен жиында күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов, «Қызмет» мемлекеттік мекемелер, банк жүйелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіптік одақтары» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов, Әділет департаменті және жеке сот орындаушылар палатасының өкілдері баяндама жасап, жалақы қарызы анықталған және жазатайым оқиғалар орын алған мекеме басшылары тыңдалды.
