Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мектеп директорларын тағайындау жаңа жоба бойынша іске асуда
    Жаңалықтар

    Мектеп директорларын тағайындау жаңа жоба бойынша іске асуда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.09.2016Updated:16.09.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    https://youtu.be/v-0PSIzqWos

    Облыстағы білім ордаларының басшылары ашық әкімдік  жобасы аясында тағайындалып жатыр.  Бұл жең ұшына жалғасқан жемқорлықты тамырымен жоюға және білікті кадрлардың лауазымды орынға жайғасып, білімді шәкірт тәрбиелеуіне жол ашады.  Болашақта директор орынбасарлары мен ұстаздарды жұмысқа қабылдауға жаңа жоба септігін тигізбек. Жалпы, конкурстық комиссия жұмысы қалай жүзеге асуда. Үміткерлерге қойылатын талаптар мен міндеттер қандай? Бұл туралы алдағы бейнесюжетте.

    Жыл басынан бері Мақтаралда 3, Сарыағаш ауданында 9 мектептің және Шымкент қаласындағы №8 М.Х.Дулати атындағы мектеп — гимназиясының басшылары жаңа форматта жүзеге асып жатқан мектеп директорларын  тағайындау арқылы өз орынтағына жайғасты. БАҚ өкілдері мен сарапшы бақылаушылар, комиссия мүшелері қатысқан конкурста жалпы 9 сұрақ беріліп, мүдірмей жауап беріп, сыннан сүрінбеген үміткерлер тағайындалыпты. Сонымен қатар, барлық аудан, қалалық білім бөлімдері де арнайы онлайн режимде бақылауға мүмкіндік алды. Бұл ашық әкімдіктің жағымды жағы, ұтымды тұсы.

    Алғаш тәжірибе ретінде өткізіліп жатқан жоба нағыз ашық алаңға айналуы тиіс. Ол үшін тиімді ұсыныстарда қолдау таба алады. Айта кетейік, ашық әкімдік құрылып, директорлар тағайындалғаннан бастап, құжаттар іріктеу кезінде кедергілерге тап болғанын айтып хабарласқандардың бары жасырын емес. Яғни,  дәл осындай 3 факт тіркелген. Ендігі жерде, бұл мәселенің алдын-алу үшін ашық әкімдіктің электронды нұсқасы жасалған.  Үміткерлердің құқық шектемеу мақсатында электронды түрде өтініш тастап, құжаттарын жіберуге болады.

    Жалпы білім саласындағы кейбір мәселелер бойынша талап тілегін жеткіземін деген азаматтар үшін 1313 сол орталықтың жұмыс жасап жатқанын да құлағдар етейік.  Жалпы алғаш тәжірибеден өтіп жатқан жобаның аз кем кемшілігі болар, дегенмен нағыз ашықтықтың алаңына айналуда. Нағыз білімді әрі білікті кадрларды іріктеп, басшылық лауазымға орналастыруға мол мүмкіндік.  Ашық әкімдіктің алғашқы шарапатын көрген директорларда өз ойларымен бөлісті.

    Енді бұл директорлар үш айлық сынақ мерзімінде жүр. Өз қызметтеріне жауапкершілікпен қарауына, ел болашағын тәрбиелеудегі еңбектеріне баға беріледі.  Ендігі жерде облыста 15 оқу орнының диеркторларының лауазымы бос тұр. Оған конкурс тағайындалатын болады. Мұнан бөлек, балабақшалар мен ауруханаларда да бұл жоба жалғасуы бек мүмкін.

    Еңлік Заманхан

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.