Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ҚР Премьер-Министрі А. Мамин биылғы 1 қарашаға дейін еліміздің барлық өңірлерінде балық шаруашылығын дамыту бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды
    Айғақ TV

    ҚР Премьер-Министрі А. Мамин биылғы 1 қарашаға дейін еліміздің барлық өңірлерінде балық шаруашылығын дамыту бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.08.2020Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында еліміздің балық саласын дамыту перспективалары қаралды.

    Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, сондай-ақ «Хамит» балық шаруашылығының өкілі Б. Серманизов, «Caspian Riviera» балық шаруашылығының өкілі Р. Хамитова, «KingFish» балық шаруашылығының өкілі М. Тұрсынәлі баяндама жасады,-деп хабарлайды primeminister.kz

    Балық аулау және оны көбейту — азық-түлік өнімі өндірісіндегі басым салалардың бірі. Қазақстанда тауарлы балық өсірумен 180 балық өсіру шаруашылығы айналысады. Биылғы ақпан айында Атырау қаласында Үкімет басшысының төрағалығымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша әкімшілік кедергілерді азайтуға және балық шаруашылығы саласын дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық бастамалар әзірленді. Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемді оңтайландыруға, балық өсіру шаруашылығын (оның ішінде су қорғау белдеуінде) тиімді аймақтарға бөлуге және орналастыруға, балық аулаудың және балық аулайтын кемелер жұмысының тиімді кестесін белгілеуге, тыйым салынған балық аулау құралдарының айналымы үшін жауапкершілікті белгілейтін нормаларды қатаңдатуға ерекше назар аударылды. Барлық қажетті заңнамалық түзетулер биылғы қыркүйекте Парламентке енгізіледі.

    Жемшөпті субсидиялау (25% дейін) және инвестициялық шығындарды өтеу (30% дейін) тұрғысынан қосымша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп жатыр. Тауарлы балық өсіруді дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларға жеңілдетілген несие беру көзделген.

    Жалпы, сала айтарлықтай әлеуетке ие және серпінді өсім көрсетуде. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында биыл өсірілген тауарлы балықтың көлемін соңғы екі жылда 1,6 есеге өсіріп (2018 жылы – 5,6 мың тонна, 2019 жылы – 7,4 мың тонна), 9 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл ретте өсірілетін балықтың негізгі көлемі Түркістан облысы (шамамен 68%), Алматы, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі.  Премьер-Министр балық өндірісінің көлемі айтарлықтай ұлғайып, 2030 жылға қарай 600 мың тоннаға дейін жеткізілуі мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар балық саласы АӨК құрылымында негізгілердің біріне айналуы тиіс, экспорт көлемі 10 есе — 300 мың тоннаға дейін ұлғайтылып, кемінде 100 мың қосымша жұмыс орны құрылуы тиіс.

    «Әр өңірде балық өндірісі ұйымдастырылуы тиіс, бизнес субъектілеріне су қоймалары бекітіліп, жаңа ауланған сапасы жоғары балық сататын сауда орындарының санын арттыру керек. Азаматтардың пайдалы тамақтану рационын қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша бір адамға балықты тұтыну деңгейін 16 килограмға жеткізу керек (бүгінде ҚР-да — жылына 3-4 кг)», — деді А. Мамин.

    Үкімет басшысы биылғы 1 қарашаға дейін балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді тапсырды, онда басым субсидиялау, жер телімдерін бөлу, инфрақұрылым жүргізу бойынша нақты индикаторлар мен іс-шаралар және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуі тиіс.

    Экология министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге бір ай мерзімде бизнес қауымдастықтармен балық шаруашылығы саласын субсидиялауды кеңейту жөніндегі ұсыныстарды пысықтау, Білім және ғылым министрлігімен бірге жоғары оқу орындарының оқу және тәжірибелік бағдарламаларын балық аулаудан балық өсіруге баса назар аудара отырып, қайта қарау тапсырылды.

    Қаржы министрлігіне сауда министрлігімен бірге шет елден балықтың бағалы түрлерінің балық өсіру материалын жеткізуді және оларды тасымалдау кезінде шекарада бақылаудың барлық түрлерінен өтуді рәсімдеу рәсімін оңайлату жөніндегі ұсыныстарды пысықтау тапсырылды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.