Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады
    Жаңалықтар

    Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.09.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мәжіліс депутаттары 2017-2019 жылдарға арналған бюджет туралы заң жобасына енгізілген ең төменгі жалақы мөлшерін сынға алды. Заң жобасын Қаржы және Ұлттық экономика министрлері таныстырған деп хабарлайды Астана арнасы. Мұхтар Тінікеев 24 мың теңгеге қалай өмір сүруге болады деген сұрақты министрлерге төтесінен қойды.

    «Ең төменгі жалақы мөлшері 24 459 теңге. 24 мың теңге деген не? Ең төменгі зейнетақы 28 мың дегенді түсінуге болады. Ата-анамызға көмектесеміз. Жалғызбасты қариялар тамақты аздау жейді, жастарға қарағанда. Ал 24 мың неге жетеді? Осындай мөлшерді бекіткен кезде неге сүйенесіздер? Көптеген жұмыс берушілер салықтан жалтару үшін қызметшілеріне 70-100 мың теңге төлесе, оны ең төменгі жалақы мөлшерімен көрсете алады.Осы жалақыдан зейнетақы алымдары алынады. Жол ережесін бұзсаң, айыппұлы 20 мың теңге. Соны төлесе, қалған 4 мыңға қалай өмір сүреді?», — дейді мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев.

    Мемлекеттік қарыз мөлшерін есептегенде, депутаттар сыртқы борышымыздың бірнеше есе артқанын естіп жаға ұстады. Олар қарыз министрлердің есебінде көрсетілген сандардан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтып алаңдаулы. Өйткені статистикада көрсетілген қарыз мөлшерінде квазимемлекеттік сектор саналатын ұлттық компаниялардың борышы ескерілмеген.

    «2008 жылы мемлекеттік кепілдендірілген қарыз 2,2 миллиард болса, бүгінде 32 млдр АҚШ долларынан асты. Қарызға кеткен шығындар 8 есе өсіп, білім беру және медицина сынды салалардың шығындарынан асып кетті. Мемлекеттік қарыздың күрт артуы, бюджеттің тұрақтылығына қатты әсер етеді. Әсіресе Ұлттық қор қаражатын сақтап қалуда қауіпті», — дейді  ҚР мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Аманжан Жамалов.

    «Қарыз бойынша өсім бар, ол кірістердің төмендеуімен және бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырумен байланысты. Сондықтан халықаралық қаржы ұйымдарынан жұмсақ қарыздарды аламыз. Әзірге үкіметтің қарызы 21 пайыз, ал мемлекеттің қарызы 24 пайыз деңгейінде. Оның бір бөлігі қысқа мерзімді және Ұлттық банктің операцияларымен байланысты», — дейді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

    Дереккөз: nur.kz

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.