Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды
    Жаңалықтар

    Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.09.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Атырауда 8-сынып оқушысы Ақерке Аманжан мектепке барып оқи алмай жүр. Себебі дін жолында жүрген мектеп оқушысы басындағы орамалына байланысты сабаққа қатыстырылмаған. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

    Ақеркенің ата-анасының айтуынша, балиғат жасына жеткен балалары шариғат бойынша орамал тағып жүруі керек. Ал мектеп мұғалімдері болса орамал тартқан оқушыны министрліктің нұсқауы бойынша сабаққа қатыстыра алмаймыз деп отыр.

    Атыраулық Ақерке Мақсотқызы биыл 8-сыныпқа баруы керек болған. Алайда балиғат жасына толған қызымыздың орамал тартуы сол еді, мектептегі оқуын жалғастыра алмай қалды, — дейді ата-анасы. Нақтысы, мұғалімдер орамалыңды шешіп кел деп сабаққа кіргізбей қойған айтуыларынша.

    «Менің орамалыма байланысты, сабаққа директорым кіргізбей жатыр. Мен басқалар сияқты мектепке оқығым келеді. Сабақ үлгерімім жақсы, 4-5 оқимын. Сабақта достарымды көргім келеді. Қатарластарым сияқты сабаққа барғым келеді. Енді директор мен мұғалімдердің орамалмен кіргізуін қалаймын»,- дейді  8-сынып оқушысы Ақерке Аманжан.

    Ақеркенің ата-анасы да қыздары мектеп формасына сай киінген, тек ерекшелігі басына орамал тартқандығы дейді.

    «Шариғат бойынша бас киім киіп жүру керек қой. Өзіміз намаз оқитын мұсылман болғаннан кейін солай бас кіиіммен мектепке кіруін талап етіп отырмыз. Қыркүйектің бірінен бастап барып жүрміз мектепке, есік алдынан кіргізбейді, қайтарып жібереді. Класына да кіргізіп жібердік, класс жетекшісі шығарып жібереді», — дейді  Ақеркенің әкесі Мақсот Ізбасаров.

    Ал Ақерке оқып келген №21 мектеп ұстаздары нұсқаулыққа байланысты талап етілді дейді.

    «Біз мектепке кіргізбей отырған жоқпыз, тек қана мектептің табалдырығына дейін орамалыңды тағып кел, содан кейін ішке кірерде орамалыңды салғызып, іштегі балалармен бірдей болып отырсын деген талап қойғанбыз. Оны ата-ана дұрыс түсінбей отыр. Біз нұсқаулыққа байланысты өз жұмысымызды атқарып отырмыз, ішкі тәртібімізді ұстанып отырмыз», — дейді №21 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балқаш Жақсиева.

    Министрліктен келген нұсқаулық пен мектепішілік бұйрыққа сай жұмыс жасап отырмыз деген мектеп мұғалімі Ақеркенің жақсы оқушы екендігін мойындайды. Тек мектеп ішінде орамалсыз жүруіне ата-анасы қарсы болмаса екен дегенді айтады. Өйткені, зайырлы мемлекетте заң баршаға ортақ.

    Дереккөз: nur.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.