Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюповтың қатысуымен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абай: Ұлттық болмыстың үлгісі» атты онлайн-конференция өтті. Іс-шара композитор, профессор, журналист Бекжігіт Сердәлінің модераторлығымен жалғасты.
⠀
«Абай — біздің мақтан етіп айтатын данышпанымыз. Ұлы ақынның еңбектерін халық жадында сақтатып, қоғамда таралуына мұндай шаралардың маңызы зор. Әсіресе, жастардың қазағымыздың майталмандарын дәріптеуі қуантарлық жайт», — деген Р. Аюпов бүгінгі күнде өз ықылас-лебізін білдірді.
⠀

Карантин режиміне байланысты ZOOM бағдарламасымен өткен жиында ойшыл тұлғаның өлеңдері, қанатты сөздері айтылып, белсенділік танытқан жандар әкімнің алғыс хатымен, Абай бейнеленген жейде, бас киім және өзге де сый-сияпаттармен марапатталды. Қашықтықтан өткен шараға тек қала емес, өзге аудандардың Абай шығармашылығын дәріптеп жүрген өнерпаздар да қатысты.
⠀
Сондай-ақ, кемеңгер азаматтың өлеңдеріндегі көркем табиғаттың бейнесін қылқаламмен өрнектеген өнерлі жандар мен олардың ұстаздары да назардан тыс қалмай, марапатталды.
⠀
Айта кетейік, Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, 10 тамыз — Абай күні болып белгіленген болатын. Осы мақсатта, жақында ғана көпқабатты үй қасбетінен ақынның құрметіне орай мурал салынды.
ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...










