Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Мақтааралдағы құрылыс жұмысына партиялық бақылау жүргізілді
    Айғақ TV

    Мақтааралдағы құрылыс жұмысына партиялық бақылау жүргізілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.08.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындары үшін жаңа үйлер салынып жатыр. Бұл жұмыстар «Nur Otan» партиясының бақылауында тұр. Жоспарға сәйкес, партияның Түркістан облыстық және Мақтаарал аудандық филиалдарының өкілдері және Партиялық бақылау комиссиясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері Мақтаарал ауданында болып, құрылыс барысына қадағалау жүргізді.


    Мамыр айында апат орнына «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек арнайы келіп, елмен жүздескен болатын. Осы іссапардағы тапсырмаға сәйкес, партиялық бақылау жүргізген «нұротандықтар» мақтааралдық тұрғындармен және құрылысшылармен кездесті.
    Бүгінде Мырзакентте іргетасы қаланған жаңа шағынауданда 386 үй мен бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Бұл баспаналар су шайған Жеңіс, Достық, Жаңатұрмыс елді мекендерінің тұрғындарына беріледі. Жаңа шағынауданда 1200 орындық мектеп, 280 орындық балабақша және дәрігерлік амбулатория мен полиция бекеті, желілік саябақ пен гүлзарлар, воложолдар салынуда.
    Жоғарыда аталған 386 үйдің 20-сын салуды «Nur Otan» партиясы өз мойнына алған. Оған «Birgemiz» қорынан қаражат бөлінген. Бүгінде 115 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып үлгерді. Қалған баспаналар да таяу күндері дайын болады.


    Ал Өргебас ауылындағы барлық 194 үй бұзылып, жаңадан салынып жатыр. Бүгінде 116 үйдің қабырғалары қаланған. 49 үйдің шатыры жабылуда. Фирдоуси елді мекенінде жалпы 303 үйдің басым бөлігінің қабырғасы қаланған. Шатырлары да жабылып жатыр.
    «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Уалихан Рахиевтің айтуынша, құрылыс жоспарға сай жүргізіліп жатыр. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев партиялық қадағалау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

    «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.