Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Шыңғыс Мұқан: «Немқұрайлы қарасақ, індетті қайта өршітіп алуымыз мүмкін»
    Айғақ TV

    Шыңғыс Мұқан: «Немқұрайлы қарасақ, індетті қайта өршітіп алуымыз мүмкін»

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.08.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев және Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзиловтың қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша брифинг өтті.

    Баспасөз мәжілісінде, ең алдымен, сөз тізгінін алған Шыңғыс Жұмабекұлы қаладағы қалыпқа түсе бастаған эпидемиологиялық ахуалды тұрақты жағдайда ұстау үшін жоспарлары жөнінде сөз қозғады.

    – Коронавирус инфекциясының кең таралуын алдын алу мақсатында қалада адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарға насихат баннерлерін ілеміз. Яғни, халық санитарлық нормалардың сақталуын жадыларынан шығармауы керек. Мәселен, бүгінде бетперде адамның киетін киімі секілді қажеттілікке айналды. Осы қалыпты әлі де сақтауымыз керек. Өйткені індет ұйытқып отырып қайта соғуы мүмкін. Ал ол вируспен күрес көзбен көрінбейтін жұмыс сияқты. Бұл сөзімді медицина мамандарының еңбегін назарға алып айтып отырмын. Өз кезегінде біз Шымкент қаласының әкімдігі ақ халаттылар кәсібилігін сарқып жұмыс істеуге жағдай жасауымыз қажет, – деді Ш.Мұқан.

    Сондай-ақ, қала әкімінің бірінші орынбасары жеке жоспар жоқ, мемлекеттік мақсат бар екенін айта келе, «бүгінгі жағдай қалыпқа келді деп, оған немқұрайлы қарасақ, үшінші толқын болуы әбден мүмкін. Ол – қарапайым шындық. Эпидемиология кеше пайда болған жоқ, ол – ғылым, зерттелген дүние. Яғни, сақтанбасақ, індетті қайта өршітіп алуымыз мүмкін. Дегенмен әлем ғалымдары бұл вирусты ауыздықтау үшін күресуде. Бүгінде дүние жүзінде ғалымдар 160-тан аса вакцинаны сынақтан өткізіп жатыр. Оның ішінде екі вакцинаны еліміздің ғалымдары сынақтан өткізуде» деп, сөзін түйіндеді Ш.Жұмабекұлы.

    Брифингте Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері кәсіпкерлік нысан иелерінен санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.

    – Мақсатымыз айыппұл өсімін көбейту емес, бірақ кәсіпкерлік нысан иелері талапқа сай жұмыс істемесе, шара қолданамыз. Бұл ретте эпидемиологиялық ахуал кезіндегі қаламыздағы дәріханаларға жүргізілген мониторинг бойынша айтсам, 457-і дәріханаға тексеру жүргізілді. Олардың 87-сінен заң талаптарын бұзу анықталып, айыппұл салынды. Және олардың 27-сі сотқа жолданып, бүгінде 8-не тергеу жұмыстары жүргізілуде, – деді Ә.Төлебаев.

    Әбдіманап Қошқарұлының сөзіне сүйенсек, коронавирус инфекциясына байланысты шектеу шаралары кезінде қалада осы жылы өзге де инфекциялық аурулар (оба, тырысқақ, құтыру, паратиф, дифтерия, көкжөтел, қызамық, іш сүзегі, полиомиелит, сальмонеллез) тіркелмеген.

    Өз кезегінде Тимирхан Исабалұлының айтуынша, Шымкент қаласында 2020 жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша 5025 covid-19 жағдайы тіркелген. Оның ішінде симптомдық – 2572, симптомсыз – 2453. Ал өткен тәулікте 14 адам вирус жұқтырған.

    Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

    Фото – С.Қосай

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.