Шымкентте дала өртінің кезеңі басталды. Тәулігіне орта есеппен өрт сөндірушілер құрғақ шөпті сөндіруге 20 рет шығады. Мамандардың айтуынша, егер адамдар өрт қауіпсіздің сақтап, бейжайқарамаса оқылықтың саны азайар еді. Шымкент- Ташкент тасжолы бойында рейдттік жұмыстар жүргізілді. Тәртіп сақшылары көліктерді тоқтатып, мамандар кеңес берді. Қауіпсіздік ережелерін насихаттауға еріктілерде ат салысты.
Рейд барысында шамамаен 40 автокөлік тоқтатылып, 25 –інде өрт сөндіру құралы жоқ болып шықты. Тіпті, кейбірінде жарамдық мерзімі өтіп кеткен. Сонымен қатар, жүргізушілердің бірен сараны қайдан алу керектігінде білмейтін болып шықты.
Жыл басынан бері дала алқаптарында 1 өрт оқиғасы тіркелген, оның аумағы 10 шақырымды құрайды. Ал қалған құрғақ шөптің жану секілді жайттар өрт оқиғасы болып тіркелмейді екен. не себеп дейсіз бе? Көлемді жердің жанбауы, шығын алып келмесе санаққа енгізілмейді екен. Есепке жүгінетін болсақ, дала өртінің шығуының 90 пайызы адамдардың отты абайсыз қолдануы мен немқұрайлық танытуынан. Бүгінде рейд жұмыстары барысында бұл тұжырымға көзіміз жетті. Жол бойы түгелімен қалдыққа толы. Яғни, темекі қалдықтары. Қала тұрғындары жауапкершілікпен қарамасы табиғатқа үлкен замық тиетіні анық.
Құрғақ, қураған шөптер, бұталар нөсер жауын мен аяз басталғанға дейін жанатыны бюелгілі. Сақтық шаралары сақталмаса. Дала және орман өрттерін сөндіру оңай іс емес. Сондықтан, өрт сөндірші мамандардың жұмысына қиындық тудырмайық.
