Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыс полицейлері Түркістан қаласында қандай құқықбұзушылықтарды анықтады?
    Жаңалықтар

    Облыс полицейлері Түркістан қаласында қандай құқықбұзушылықтарды анықтады?

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.09.2016Updated:15.09.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан қаласында жүргізілген жедел-алдын алу іс-шаралары барысында полицейлер 40-тан астам қылмыс пен 1,5 мың құқықбұзушылықты анықтады.  2016 жылдың 3-12 қыркүйек аралығында ОҚО ІІД  қызметкерлерімен  құқықбұзушылықтар мен қылмыстарды  болдырмау, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласының аумағында кеңауқымды рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

    Түркістан қаласында жүргізіліп жатқан жедел-алдын алу іс-шараларының  10 күнінде тәртіп сақшылары 43 қылмысты әшкереледі. Оның 1 дерегі алдын орын алған болса, 9 дерек —  бөтеннің мүлкін ұрлау, 1 дерек – тонау, 3 дерек – алаяқтық, 3 дерек  — ұқсақ ұрлықтар, 3 дерек – қаруды заңсыз сақтау, 3 дерек- өз бетінше өктемдік таныту, 9 дерек – тұрғындардың заңды мүдделеріне қол сұғушылық, 2 дерек- сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе жұмсау, 1 дерек – бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру болып отыр.

    Тәртіп сақшылары Түркістан-Балтакөл тас жолында маркасы «Мерседес» автокөлігін тоқтатып, мал ұрлығына күдікті 3 азаматты құрықтады. Олар 1983, 1985 және 1991 жылдары туылған Түркістан қаласы мен Ордабасы ауданының тұрғындары. Полицейлер  автокөліктің салонынан ірі қара  малдың тұтастай етін,   12 калибрлі аңшылық мылтығын, пышақ және басқа да заттарды анықтап, айғақ зат ретінде тәркіледі. Бүгінгі таңда тергеу барысында күдіктілердің  мал ұрлығы бойынша 13 дерекке қатыстылығы анықталды.  Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен «Ұрлық» қылмыстық іс қөозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Сондай-ақ, жедел –алдын алу іс-шаралары барысында полицейлер есірткі заттарымен заңсыз айналысқан, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер өсірген екі жергілікті тұрғынды құрықтады.

    Полицейлер жеңгетайлық және притонды ұйымдастыру бойынша 4 дерек әшкерелеп,  27 жеңгетай мен жеңіл жүрісті әйел арнайы есепке алынды.

    Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралар барысында ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметкерлерімен 1494 әкімшілік құқықбұзушылық, оның ішінде «нөлдік төзімділік» бойынша – 492 дерек анықталды.

    Автокөлік құралдарын мас халде басқарған 19 жүргізуші құрықталып, 157 автокөлік ақылы айыптұраққа  тоғытылды. Барлық деректер бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

    Жасөспірімдер ісі жөнінідегі инспекторлармен  әртүрлі құқықбұзушылықтар жасаған 55 жасөспірім   полиция бөліміне жеткізілді.  Тәртіп сақшыларымен 70 әкімшілік хаттама, оның ішінде жасөспірімдердің түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз жүруі бойынша 63 хаттама толтырылды.  Балаларының тәрбиесіне немқұрайлы қараған 7 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  8 жасөспірім мен 7 қолайсыз отбасы  алдын-алу есебіне алынды.

    Түркістан қаласындағы қабылдап-тарату орнына  5 адам жеткізіліп,  ҚР Көші-қон Заңнамасын бұзған 16 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.