Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА КЕЗЕКШІ ТОПТАР АШЫЛУЫ МҮМКІН
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА КЕЗЕКШІ ТОПТАР АШЫЛУЫ МҮМКІН

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.07.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысында 910 мектеп болса, ондағы оқушылар саны – 499 535. Айта кетерлігі, 1 сынып оқушылары биыл 1 тамызға дейін eGov.kz порталы арқылы тіркеледі. Сондықтан оқушылар саны арта түспек. Қазіргі таңда 2020-2021 жаңа оқу жылын қашықтықтан оқытуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, оқу процесін ұйымдастырудың түрлері жан-жақты қарастырылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
    «Оқу жылындағы бірінші тоқсан шалғайда орналасқан шағын жинақы ауылды мектептерді қоспағанда, облыс аумағындағы барлық мектептерде 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқытылады. Облыста шағын жинақы мектептер саны – 139, ондағы оқушы саны 12 378. Егерде аталған мектептер орналасқан елді мекендерде індеттен қауіп жоқ болса, санитарлық эпидемиялогиялық қызметтің рұқсатымен дәстүрлі түрде оқытылатын болады», — деді басқарма басшысы.


    Сонымен қатар, облыстағы қалған мектептерде бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші бойынша, ахуал жақсарған жағдайда, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. Алдағы уақытта еліміздегі ахуал дұрысталып, қауіптің сейілгеніне көз жеткізген кезде, мектептерді біртіндеп аралас оқыту және штаттық форматта оқытуға көшіру жүргізілетін болады.
    «Ұстаздар мен оқушылардың үй жағдайындағы қашықтықтан оқыту мүмкіндіктері де қарастырылуда. Облыста 499 535 оқушы болса, бұл 200 мыңнан астам отбасының балалары. Жасалған талдау қорытындысы бойынша, облыстағы 28% отбасы үй жағдайында интернет желісіне қосыла алмайды (130 мыңға жуық оқушы); ал 34% отбасында компьютерлік техника жоқ (60 мыңнан астам оқушы). Қазіргі таңда, осы оқушыларды интернетпен және компьютермен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмыстар атқарылуда. Мектептердегі техникалар келісіммен уақытша пайдалануға берілетін болады», — деді Рақымбек Қуатбекұлы.
    Бұдан өзге, облыстағы 65 колледж 2019-2020 оқу жылында автоматтандырылған интерактивті платформалардың көмегімен студенттерге техникалық және кәсіптік білім беруді жүзеге асырды (PlatonusCollege, SnationCollege, Moodle, GoogleClassRoom). Жаңа 2020-2021 оқу жылында да қашықтықтан білім беруді аталған платформалардың көмегімен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қазірдің өзінде халықтың денсаулығына қауіп төндірмеу үшін колледждерге оқуға түсетін талапкерлерден құжат қабылдау электронды түрде e.gov.kz порталы арқылы жүргізілуде. Колледждерде оқуға түсу бойынша кез келген сұраққа жауап алу үшін виртуалды қабылдау бөлмелері іске қосылуда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.