Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістанда пандемияға қарсы «ОMIR» және «SHIPA» жобалары басталды
    Айғақ TV

    Түркістанда пандемияға қарсы «ОMIR» және «SHIPA» жобалары басталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.07.2020Updated:17.07.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысында пандемия кезінде елге көмектесу мақсатында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «ӨМІР» және «ШИПА» атты 2 жоба басталды. Қоғамдық денсаулық басқармасына Түркиядан әкелінген екі жасанды тыныс алу аппараты ұсынылса, 20-дан астам науқасқа шалдыққан мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек тапсырылды. Аппаратты жеткізуге атсалысқан Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен елшісі Абзал Сапарбекұлына алғыс айтылды.


    «О2mir» жобасының мақсаты – қазір елімізде тапшы болып отырған оттегі аппараттарын шет мемлекеттерден өңіріміздегі емханаларға жеткізу. Ал «Shipa» жобасы арқылы орта деңгейдегі дәрі-дәрмектер қорапшасын дайындап, оны ауыл-аудандардағы әлеуметтік жағдайы төмен және де аз қамтылған көпбалалы отбасыларға тарату көзделген. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін ел жанашырлары, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция өкілдері мен кәсіпкер азаматтар қолдау көрсетті. Қазірдің өзінде қорға 10 миллион теңгеден астам қаржы жиналды. Бұл қаржының бір бөлігіне Түркия және Қытай елдеріне 50 жасанды тыныс алу аппаратына тапсырыс беріліп, олар алдағы аптада өңірге жеткізіледі. Сонымен бірге әзірге 300 дәрі-дәрмек қорапшасын елге тарату көзделген. Әрбір дәрі қорапшасының құны 14-15 мың теңге көлемінде. Қорапша ішінде Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы тарапынан ұсынылған, қазір белең алып отырған коронавирус пен пневмания сырқаттарының алдын алуға, емделуге арналған дәрілер мен құралдар бар.
    Алғашқы екі жасанды тыныс алу аппаратын алуға демеушілік көрсеткен «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұл жобалар өңірдегі жас еріктілерді игі іске жұмылдырып отырғанын жеткізді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.