Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Шөкеев Мақтааралда арнайы штаб отырысын өткізді
    Айғақ TV

    Шөкеев Мақтааралда арнайы штаб отырысын өткізді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.07.2020Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысын тексеріп, арнайы штаб отырысын өткізді. Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан орын алған төтенше жағдайға байланысты Мақтаарал ауданында 5 елді мекенде орналасқан тұрғын үйлер зардап шекті. Бүгінде барлық баспаналар жаңадан салынып жатыр, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Атап айтқанда, Мақтаарал ауданында 9 әлеуметтік нысан мен 895 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде, Мырзакент ауылында тасқын судан зардап шеккен тұрғындар үшін  386 үйден тұратын жаңа ықшам аудан бой көтеруде. Ондағы 196 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен, қалған 190 тұрғын үй «Б.Утемуратов», «Салиқалы ұрпақ», «Біз Біргеміз» қорларының есебінен салынуды. Типтік жобадағы әр үйдің аумағы 100 ш.м.-ді құрайды. Дәл осы жаңа ауданнан су алған 5 ауылдың 28 үйсіз отбасы үшін де баспана салынуда. 100-ден астам адам осы уақытқа дейін монша, балабақша, жатақханаларды пана қылып келген. Сондай -ақ Фирдауси елді мекенінде 314, Өргебас ауылында 195 үйдің құрылысы қарқынды түрде жалғасуда.

    Мырзакенттегі құрылыс алаңында 29 мердігер мекеме тарапынан 386 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс аумағында 386 үйдің іргетасы құйылып, қабырғасы қалануда. 200 үйдің шатыры жабылып, ішкі сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 1550 жұмысшы мен 150 арнайы техника құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмылдырылған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.