Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Дәрігер пневмония кезінде не істеуге болмайтынын айтты
    Айғақ TV

    Дәрігер пневмония кезінде не істеуге болмайтынын айтты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.07.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова вирустық пневмониямен ауырған кезде антибиотиктерді шектен тыс қолданбауға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    «Мүмкіндікті пайдаланып айтып қалайын. Антибиотиктер вирусқа әсер етпейді. Антибиотиктер — вирустың көбейіп кетпеуіне жол бермейтін препараттар. Себебі, COVID-19 — вирустық ауру. Сондықтан антибиотиктерді тағайындаудың мәні жоқ. Әсіресе, профилактикалық мақсатта», — дейді профессор орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

    Осы орайда Сәуле Қасенова науқастар қандай дәрілерді пайдаланып жатқанына тоқталды.

    «Олар антибиотиктерді пайдаланып жатыр екен. Себебі, олар бір жерден естіген немесе біреу айтқан. Кеше маған бір науқас келді. Ол антибиоктің 2 түрін қабылдап жүр екен. Науқас дәрілерді белгілі бір әдіспен ішіп, оны қайталаған. Мұны істеудің қажеті жоқ. Өйткені, бауырыңызға артық салмақ түседі», — дейді медицина ғылымдарының докторы.

    Дәрігер пневмония кезінде антибиоктерді шектен тыс қабылдамауға кеңес берді.

    «Дәрігер ретінде айтайын, атипиялық пневмонияны антибиотиктермен емдеу дұрыс емес. Оны ішудің қажеті жоқ. Антибиоктермен емдеуге басымдық беруге болмайды. Вирустық пневмонияны емдеудің бұл әдісі сізді дерттен айықтырмайды. Егер сізге антибиотик тағайындау қажеттілігі туындаса, оны дәрігер-терапевт немесе пульмонолог-дәрігер шешеді. Оның арнайы көрсеткіштері бар», — деді ол.

    Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы пневмониямен ауырған науқастарда неге демікпе пайда болатынын түсіндірген еді.

    Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 59 899-ға жетті. 34 190 науқас жазылды, 375 адам аурудан көз жұмды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.